Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:
13-тармақта:
47), 48), 49), 50), 51), 53), 54), 237), 244), 245), 270), 275), 276) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ұйымдардың және мемлекеттік органдардың сатып алуы кезінде жергілікті қамтудың үлесін ұлғайту бойынша шараларды әзірлеуді жүзеге асырады және мемлекеттік саясатты іске асырады;
48) жергілікті қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
49) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрліктері тұрақты негізде ұсынатын жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етеді;
50) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын өткізілген, өткізілетін және келесі жылға жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
51) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүзеге асырады;»;
«53) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және оларды жеткізушілердің дерекқорын жасақтау және жүргізу тәртібін әзірлейді;
54) ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды бақылауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда шаралар қабылдайды;»;
«237) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді коса алғанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауының мониторингін және бақылауды жүзеге асырады;»;
«244) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін келіседі;
245) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшін кадрлардағы ең төменгі жергілікті қамтуды ұсыну тәртібін келіседі;»;
«270) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлейді;»;
«275) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі ең төменгі жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлейді;
276) мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін әзірлейді;».
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 470 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. «Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысаңдары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 52, 497-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы»;
1-тармақта:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер қойнауын пайданалушылардың кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысаны;
6) Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есебі нысанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебінің нысаны»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы қазақстандық қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну қағидасы (бұдан әрі — Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың тәртібін айқындайды.»;
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есебі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы есеп нысанының (бұдан әрі — 4-нысан, 2-бөлік) әр жолына есепті кезеңдегі ақпаратты толтыру арқылы бір шарттың шеңберінде сатып алынатын (ған) әрбір тауар, жұмыс немесе қызмет бойынша бөлек-бөлек мынадай тәртіппен жасалады:
1-бағанда шеңберінде тауар, жұмыс немесе қызметтер сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және олардың өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Бұл бағанды:
кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар;
жер қойнауын пайдаланудың құқығына ие, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар толтырмайды;
3-бағанда осы шарттың шеңберінде сатып алынатын Өнімнің (тауарлар мен қызметтердің) модельдік статистикалық жіктеуішіне сәйкес тауардың, жұмыстың немесе қызметтің 10 символ деңгейіндегі коды көрсетіледі;
4-бағанда сатып алынған тауардың немесе жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамалары) көрсетіледі;
5-бағанда Өлшем бірліктері мен есептеудің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес код көрсетіледі. Жұмыстар, қызметтер бойынша баған толтырылмайды;
6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес тауардың мөлшері көрсетіледі. Жұмыстар және қызметтер бойынша баған толтырылмайды;
7-бағанда ҚҚС-ны есептеусіз сатып алудың құндық мәндегі көлемі мың теңгемен (жүздік үлесімен бөлшектік сан) көрсетіледі;
8-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауарды өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
9-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар өндіруші салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
10-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
11-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың сериясы көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
12-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатты берген органның коды көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
13-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Жергілікті жерде шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міндетті;
14-бағанда «СТ-КZ» нысанында тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту көрсетіледі, пайыз. Жергілікті жерде - шығарылған тауарлар үшін баған толтырылуға міңдетті;
15-бағанда жұмыстардағы (қызметтегі) жергілікті қамту көрсетіледі, пайыз (жүздік үлесіне дейін). Жергілікті қамтуды есептеу қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін, сондай-ақ осы жұмысты (қызметті) орындау үшін сатып алынған барлық тауарларды ескере отырып, Қазақстан Реслубликасының Үкіметі бекіткен Ұйымдардыңт тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
«Жер қойнауын пайдаланушылардың қадрлардағы қазақстандық қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебі» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардаға жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебі»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есебі жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есеп нысанына (бұдан әрі - 5-нысан) ақпарат толтыру арқылы мынадай тәртіппен жасалады:
1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған қызметкерлердің жалпы саны көрсетіледі;
3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған қызметкерлер - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;
4-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған басшылық құрам - 1-санат қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
5-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде қамтылған басшылық құрам - 1-санат кызметкерлерінің - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;
6-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге камтылған жоғары және орта кәсіптік білімі бар - 2-санат қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;
7-бағанда жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге қамтылған жоғары және орта кәсіптік білімі бар - 2-санат — қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі;
8-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған — 3-санат кәсіби жұмысшыларының жалпы саны көрсетіледі;
9-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қамтылған - 3-санат кәсіби жұмысшыларының - Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны көрсетіледі.»;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін ұсыну тәртібі»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын және жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айлық он бесінші күнінен кешіктірмей, индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органға 5-нысанға сәйкес экрандық нысанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және олардың өндірушілер тізіліміне орналастыру жолымен кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемені орындау туралы есепті ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.»;
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көмірсутегі шикізатына келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға арналған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міңдеттемелердің орындалуы туралы есептерін ұсыну тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын және жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында 5-нысанға сәйкес экрандық нысанды толтыру жолымен кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерін орындау туралы есепті мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырады.».