Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 438 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2012 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      1) көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 9250000000 (тоғыз миллиард екі жүз елу миллион) теңге мөлшерінде;
      2) күзгі кезеңде 9250000000 (тоғыз миллиард екі жүз елу миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов