Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 421 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 421 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790
қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 109-3-жол алынып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 15, 155-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 53 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 26-құжат):
      көрсетілген қаулының 4-қосымшасында:
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы қайта аталатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      3-тармақ алынып тасталсын.
      4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында {Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 105-жол алынып тасталсын.