Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ахметов - Қазақстан Республикасы
Серік Нығметұлы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төраға
Мұхамбетов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мирлан Бегежанұлы ортаны қорғау вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасы Спорт және
Мұрат Ескелдіұлы дене шынықтыру істері агенттігі
төрағасының орынбасары
Сыздықов - Қазақстан Республикасы
Тито Уақапұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік
даму бөлімінің меңгерушісі
Мәтішев - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Әлиақпар Болатұлы қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
агенттік) төрағасының орынбасары;
мына:
«Сағынтаев - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда
министрі, төраға»
«Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда
вице-министрі, төрағаның орынбасары»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сағынтаев - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Әбдірұлы Экономикалық даму және сауда
министрі, төрағаның орынбасары»
«Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономикалық даму және сауда
вице-министрі»;
көрсетілген құрамнан Руслан Ескендірұлы Бөлтіріков, Талғат Амангелдіұлы Ермегияев, Борис Анатольевич Парсегов, Сайлаухан Ғазизұлы Райымбеков, Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов