"Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 401 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      2-тармақта «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы № 401 қаулысына
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 2091 қаулысына  
1-қосымша      

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

Қазыханов             - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы           министрі, төраға

Омаров                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы         министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Рысқұлов              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жандос Алмасұлы         министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
                        департаментінің кеңесшісі, хатшы

Баймолдина            - Қазақстан Республикасының Әділет
Зәуреш Хамитқызы        вице-министрі

Дәленов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы       вице-министрі

Жақсылықов            - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы          даму және сауда вице-министрі

Мұқашев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Жанат Базикенұлы        Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол
                        бөлімінің сектор меңгерушісі

Аманжолова            - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Зүлфия Алтайқызы        министрлігінің Ерекше тапсырмалар
                        жөніндегі елшісі – Халықаралық құқық
                        департаментінің директоры

Сарыева               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Жұмагүл Қансейітқызы    министрлігі Валюта-қаржы
                        департаментінің директоры

Садықов               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы       министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
                        департаментінің директоры

Әзімова               - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы   министрлігі Халықаралық шарттар
                        сараптамасы департаментінің директоры

Досполов              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Сергей Долдаұлы         Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
                        бастығы (келісім бойынша)