"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 395 Қаулысы

Қолданыстағы

      Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
      1) жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады;
      медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады;
      фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
      дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
      ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады;
      қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады;
      дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады.
      2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
      консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов