Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5), 22-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;

      5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша - кемінде 4 балл жинау қажет.";

      6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;

      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;

      3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

      6-1. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында окуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

      Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін бекітілген қабылдау квотасы барлық өтініш білдірілген мамандықтарға қолданылады.";

      8-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша шешімді Комиссия қабылдайды.";

      8-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2. Комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.

      Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Білім беру грантын иеленуші өзі жоғары оқу орнына қабылданғанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.";

      8-5 және 8-6-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-7-тармақпен толықтырылсын:

      "8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

      5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.";

      "Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және өз бетімен жұмысқа тұру құқығын беру тәртібі" деген 3-бөлім алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 390 қаулысымен
бекітілген

Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары

      Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген тұлғалардың бюджет қаражаты шығыстарын өтеу немесе өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;

      2) жас маман – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алған азамат;

      3) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.07.2014 № 769 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.05.2016 № 289 (қолданыcқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2. Жас мамандарды және философия докторларын (РhD) жұмысқа
жіберу тәртібі

      3. Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.

      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтейді.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда жұмысты өтейді.

      6. Жас мамандарды және философия докторларын (РhD) жұмысқа жіберу мақсатында оларды дербес бөлу жүзеге асырылады.

      7. Бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын:

      1) жас мамандар және философия (РhD) докторлары оқуды аяқтайтын Қазақстан Республикасының тиісті жоғары оқу орындарының жанында – медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды қоспағанда, осы Қағидалардың 3, 3-1, 4, 4-1 және 5-тармақтарында көрсетілген азаматтарды жұмысқа дербес бөлу үшін;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанында – медициналық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтарды және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтарды жұмысқа дербес бөлу үшін құрылады.

      Бөлу жөніндегі комиссиялар туралы ережені білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі – уәкілетті органдар) бекітеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЖОО-ларда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады;

      2) бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына бітірушілердің санын, тұратын жерлерін, алған мамандығы мен оқыған тілін көрсете отырып:

      ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде;

      мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде түскен, ағымдағы жылғы түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінімдер жолдайды;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған өтінімдерге сәйкес тоқсан сайын бөлу жөніндегі комиссияларға:

      мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы, мемлекеттік медицина ұйымдарындағы, қызметін ветеринария саласында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелеріндегі не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардағы;

      мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы;

      меншік нысанына қарамастан ұйымдардағы кадрлардағы қажеттіліктер туралы ақпарат береді;

      4) бөлу жөніндегі комиссиялар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос орынның сақталуы туралы кепілдік беретін олардың әлеуетті жұмыс берушілерімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жас мамандарды бөлу жас маманның алдағы уақытта жұмысқа орналасатындығы және ол жұмыс орнына келгенге дейін бос орынның сақталатындығы туралы жұмыс берушінің қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 қыркүйектен кешіктірмей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) жас маман келгеннен кейін бір айдың ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жұмыс орны және берілетін әлеуметтік көмек түрі туралы мәліметтерді (болған жағдайда) ұсына отырып, бөлуге сәйкес келгені туралы растау жібереді;

      2) жыл сайын, 1 қыркүйекке қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына 2012 жылдан бастап жұмыс істеп жатқан жас мамандардың тізімін жібереді;

      3) жас маманның жұмыстан шығарылғаны туралы мәліметтер мен растайтын құжаттарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медициналық ұйымдарына бірінші кезекте бөлу құқығы:

      1) жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан адамдарға;

      2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдарға, сондай-ақ бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұрақты тұрып жатқан адамдардың қамқоршысы және қорғаншысы болып табылатын адамдарға беріледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген жас мамандар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік кепілдіктер алады.

      14. Философия (РhD) докторларын жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЖОО-ларда және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда философия (РhD) докторларын жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады;

      2) ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар тиісті бос орындар болған жағдайда, жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, уәкілетті органдарға ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардағы кадрлардағы қажеттіліктер туралы өтінім жібереді;

      3) бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, уәкілетті органдарға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия (PhD) докторларын даярлау бағдарламасы бойынша докторантураға түскен және оқуды ағымдағы жылы бітіретін адамдардың тізімін жібереді;

      4) уәкілетті органдар бөлу жөніндегі комиссияларға философия (PhD) докторларының бос жұмыс орындары бар екендігі туралы ақпарат жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Философия (PhD) докторларын дербес бөлу ұсынылған құжаттар және уәкілетті органдар ұсынған ақпарат негізінде, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрлардағы қажеттігі туралы өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Жас мамандарды және философия докторларын (РhD) дербес бөлу кезінде:

      1) тұрақты тұратын орны немесе сонда бөлген қолайлы болатын елді мекен;

      2) Заңмен және осы Қағидалармен көзделген бірінші кезекте бөлу құқығын беретін жағдайлардың болуы;

      3) Заңмен және/немесе осы Қағидалармен белгіленген, жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босататын немесе жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындау мерзімін кері шегеретін жағдайлардың болуы ескеріледі.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Мерзімдік әскери қызметке түскенде немесе шақырылғанда, жас маманға жұмысты өтеу мерзіміне қызметті өтеу уақытын қоспастан қызметті өтеу уақытына жұмысты өтеу мерзімі кейін шегеріледі.

      17-1. Жұмысқа бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда, бөлу жөніндегі комиссиялар жас мамандарды және философия (Phd) докторларын жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жібереді.

      Ескерту. Қағида 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17-2. Жас мамандар және философия (Phd) докторлары жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге жолдама алғаннан кейін Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында көзделген тәртіппен оқу бітірген жылғы 1 қыркүйектен кешікпей жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасайды және жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      Ескерту. Қағида 17-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. ЖОО-дағы оқуды бір мезгілде аяқтаған ерлі-зайыптыларға бір елді мекенде орналасқан ұйымдарда жұмыс беріледі. Егер ерлі-зайыптылардың бірі оқуын бұрын бітірсе, онда оны бөлу жалпы негіздерде жүргізіледі. Мұндай жағдайда оқуды кейін аяқтаған жұбайы (зайыбы) зайыбының (жұбайының) жұмыс орны бойынша бірінші кезекте бөлінуге құқылы.

      19. Бөлу жөніндегі тиісті комиссияға дәлелді себептерсіз келмеген жас мамандар және/немесе философия докторлары (РhD) оның қатысуынсыз бөлінеді.

      20. Бірнеше жас маманды және философия докторларын (РhD) бір бос жұмыс орнына жіберуді болдырмау мақсатында Бөлу жөніндегі комиссиялар құрылған тиісті ЖОО-лардың жұмысқа жіберілген жас мамандардың және философия докторларының (РhD) алдын ала тізімдерін жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберуі арқылы оларды алдын ала бөлу жүзеге асырылады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда жас мамандарды және философия докторларын (РhD) бөлу білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісуден кейін жүргізіледі, бұл ретте оқу үлгерімінің орташа балы және ЖОО-лардың орналасқан жерінің болжамды бөлу орнына жақындығы назарға алынады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Жас мамандарды және/немесе философия докторларын (РhD) дербес бөлу тиісті Бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ресімделеді, соның негізінде ЖОО-лар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамаларды дайындайды. Бұл ретте, мамандарды және философия докторларын (РhD) олардың жұмысқа бөлінуі туралы хабардар етуді жұмысқа жолдамалар беру арқылы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ЖОО-лар жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Заңда және осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас маман және философия (РhD) докторы өздерін оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы арқылы бюджетке өтейді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Жас мамандардың және философия докторларының (РhD) жұмысты өтеу мерзімі жұмыс беруші мен олардың арасында еңбек шарты жасалған күнінен бастап есептеледі.

      24. ЖОО жыл сайын, 15 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органдарға жас мамандар мен философия (РhD) докторларын жұмысқа бөлу туралы ақпаратты ұсынады және бөлу жөніндегі барлық материалдарды бөлу туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жібереді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Жас маманмен немесе философия (РhD) докторымен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей тиісті растайтын құжаттарды ұсыну арқылы бұл туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына хабарлайды. Бұл ретте, егер олармен жасалған еңбек шарты жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуы, сондай-ақ қызметкерлер штатын немесе санын қысқарту негіздері бойынша бұзылған болса, жас мамандар және философия (РhD) докторлары қайта бөлінуге жатады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Магистратураға, резидентураға немесе докторантураға түспеген тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес қайта бөлінуге жатады.

      26-1. ЖОО-лар жыл сайын, 1 қазаннан кешіктірмей уәкілетті органдарға осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген негіздер бойынша жас мамандар мен философия (РhD) докторларын жұмысқа қайта бөлу туралы ақпаратты ұсынады және қайта бөлу туралы барлық материалдарды қайта бөлу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жібереді.

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Өз бетімен жұмысқа тұру құқығын беру

      27. Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның немесе Философия докторларын (РhD) дербес бөлу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Бөлу жөніндегі комиссиялар) шешімімен мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады:

      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайда адамдар;

      2) I және II топтағы мүгедектер;

      3) одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар;

      4) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндет:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

      2) тиісті құжаттармен расталған, білім алушының (жас маманның, философия докторының (РhD)) қайтыс болуына байланысты;

      3) жұмысты өтеу мерзімі кезінде I және II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

      4) Заңда және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған оқытумен байланысты шығыстар қайтарылмай тоқтатылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.04.2020 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Осы Қағидалардың 12, 17, 27 және 28-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

      30. Жас мамандардың және философия (РhD) докторларының жұмысты өтеу немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражаты шығыстарын өтеу жөніндегі міндеттерін орындауына мониторинг жүргізуді және оның сақталуын бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы укілетті органның операторына жүктеледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы өз құзыреті шегінде:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерін орындауына мониторинг жүргізу мақсатында жас мамандар және философия (РhD) докторлары бойынша дерекқор қалыптастырады және жүргізеді, ұсынылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының және білім беру саласындағы уәкілетті органның көмегімен бөлу жөніндегі комиссиялар шешімдерінің орындалу мониторинг жүргізеді;

      3) жас мамандар мен философия (РhD) докторлары Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерін бұзған жағдайда, бюджеттің оларды оқытуға байланысты шығыстарын олардың өтеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 765 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу
құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық
және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен
ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың,
сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат)
бойынша және философия докторлары (РhD) бағдарламасы
бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы
азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен
босату немесе міндетті тоқтату қағидаларына
қосымша

Жұмысқа жолдама

      _____________________________________________________________________

      (ЖОО атауы)

      ___________________________________________________ мамандығы бойынша

      бітіруші ____________________________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      Дербес бөлу жөніндегі комиссияның _________ № _____________ шешімінің

      негізінде ___________________________________________________ ретінде

      (лауазымы)

      __________________________________________________________ орналасқан

      (мекенжайы)

      _________________________________________________________ жіберіледі.

      (ұйым атауы)

      Ректор Қолы

      ---------------------------------------------------------------

      (Кесу сызығы)

      Мен, _______________________________________________________________,

      (Т.А.Ә.)

      ___________________________________________ бітіруші болып табыламын,

      (ЖОО атауы)

      _________________________________________________________ лауазымында

      ____________________________________________ мекенжайында орналасқан,

      (мекенжайы)

      _______________________________ жұмысқа жолдама алғанымды растаймын.

      (ұйым атауы)

      201__ ж ___ ________ бітірушінің қолы