Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэрожоба" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 379 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестіру институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарды, азаматтық, мемлекеттік авиация және аэроғарыш саласы объектілерін салу саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғам жарғысының бекітілуін;
      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелік ету және пайдалану үшін акциялардың мемлекеттік пакетін беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 379 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Републикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» деген бөлімнің «Әуе көлігі» деген кіші бөлімшеде:
      реттік нөмірі 54-жол алынып тасталсын.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-139-жолмен толықтырылсын:
      «123-139. «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-25-жолмен толықтырылсын:
      «160-25. «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ».
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат.):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-тармақшамен толықтырылсын:
      «14) «ҚазАэроЖоба» ҒЗЖІИ» АҚ»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      1-тармақ алынып тасталсын.
      5. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат.):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 259-жол алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөліммен және мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
      «44. «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестіру институты» акционерлік қоғамы 100%».