"Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 356 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның құрамында:
      мыналар енгізілсін:

Есенбаев              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мәжит Төлеубекұлы       Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, хатшы

Имашев                - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Қаппаров              - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Жамбылұлы        қорғау министрі

Сағынтаев             - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы       даму және сауда министрі;

      мына:

"Жұмағалиев           - Қазақстан Республикасының Ақпарат және
Асқар Қуанышұлы         байланыс министрі",

"Исекешев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы         орынбасары - Қазақстан Республикасының
                        Индустрия және жаңа технологиялар министрі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Жұмағалиев           - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы         коммуникация министрі",

"Исекешев             - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы         және жаңа технологиялар министрі";

      көрсетілген құрамнан Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков, Қайрат Нематұлы Келімбетов, Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім, Берік Сайлауұлы Камалиев, Серік Нұртайұлы Баймағанбетов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов