Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1144 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 523-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесінде:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тапсырыс беруші - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар.".
2. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде:
4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
2-параграф, 10, 11 және 12-тармақтар алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тізілімге мәліметтерді енгізген кезде:
1) жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат:
өнім берушінің атауы;
елі;
бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін) (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап);
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін);
2) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:
сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;
сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;
сатып алу туралы хабарландырудың күні;
сатып алу қорытындыларын шығару күні;
3) Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарттың нөмірі;
4) өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;
5) сот шешімі туралы мәліметтер:
соттың атауы;
сот шешімінің нөмірі;
сот шешімінің күні;
сот шешімінің заңды күшіне енген күні;
6) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күн";
көрсетілген Ережеге 3 және 4-қосымшалар алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 8 және 9-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 594-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор және тауар биржаларының тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажет қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар";
3-тармақ алынып тасталсын.
4. "Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 272 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 142-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесі".
5. "Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы".
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
жүргізудің ережесіне 8-қосымша
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер
Жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтер |
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер |
||||||
Өнім берушінің атауы |
Елі |
БСН, ЖСН |
СТН |
Сатып алу тәсілі |
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі |
Сатып алуды хабарлау күні |
Сатып алу қорытындыларын шығару күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарт нөмірі |
Өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негіздеме |
Сот шешімі туралы мәлімет |
Тізілімнен шығарылған күні |
|||
Соттың атауы |
Сот шешімінің нөмірі |
Сот шешімінің күні |
Сот шешімінің заңды күшіне енген күні |
|||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 342 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік сатып алу саласында
тізілімдерді қалыптастырудың және
жүргізудің ережесіне 9-қосымша
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі
Жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтер |
Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер |
||||||
Өнім берушінің атауы |
Елі |
БСН, ЖСН |
СТН |
Сатып алу тәсілі |
Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі |
Сатып алуды хабарлау күні |
Сатып алу қорытындыларын шығару күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тізіліміндегі шарт нөмірі |
Өнім берушіні (әлеуетті) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануға негіздеме |
Сот шешімі туралы мәлімет |
Тізілімнен шығарылған күні |
|||
Соттың атауы |
Сот шешімінің нөмірі |
Сот шешімінің күні |
Сот шешімінің заңды күшіне енген күні |
|||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |