Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 3) және 24-3) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бекітілсін.
      2. "Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 996 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 467-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 341 қаулысымен   
бекітілген      

Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер
сатып алатын, сондай-ақ конкурстың қорытындысы шығарылғанға
және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге
дейінгі кезеңге бір көзден сатып алатын күнделікті немесе
апта сайынғы қажеттi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң тiзбесi

      1. Тамақ өнімдері.
      2. Жанар-жағармай материалдары.
      3. А-4, А-3 форматты "қағаз".
      4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жұмыстар.
      5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.
      6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.
      7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.
      8. Автокөлік қызметтері.
      9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.
      10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:
      1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;
      2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;
      3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;
      4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;
      5) күзетпен, сигнализациямен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету.
      11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).
      12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.
      13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.
      14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
      15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
      16. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптамадан өткізу жөніндегі қызметтер.
      17. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағын дайындау жөніндегі қызметтер.