"Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 338 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы» мемлекеттік мекемесін оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Орталықтың мемлекеттік басқару жөніндегі уәкілетті органы болып анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 16 наурыздағы
№ 338 қаулысымен  
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 944 бірлік санында бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиті мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған
      ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам
санын ескере отырып штат
санының лимиті



Атауы

Штат санының лимиті


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

944


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

683


1) «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі

354


2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі

307


3) Ақпаратты техникалық қорғау орталығы

14


Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы

8
 
 


».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2014 № 1078 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімнің реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі.».
      4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 1-жолда:
      «1507» деген сан «1153» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда:
      «1338» деген сандар «984» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы 354» деген жол алынып тасталсын.
      5. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат):
      1) 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін.
      4. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Назарбаев орталығы») Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып белгіленсін.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесінде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Даңқ Кітабын жүргізуді және сақтауды «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Даңқ Кітабының жүргізілуі мен сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері, «Отан» орденіне немесе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне ие болған адамдар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік наградаларды беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданғаннан кейін
30 жұмыс күні ішінде кейінгі жылдың 1 наурызына дейін «Назарбаев орталығына» жібереді.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. «Назарбаев орталығы» кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Даңқ Кітабына осы Ереженің 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын марапатталған тұлғалар туралы жазба енгізеді.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Даңқ Кітабы «Назарбаев орталығының» мұражай қорына енгізіледі.
      9. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы «Назарбаев орталығында» жеке қойылған тұғырға орналастырылады.».
      6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мұражайлар» деген бөлімде реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын.