"Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 334 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
      Мұхамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған
      Мирлан Бегежанұлы       ортаны қорғау вице-министрі

      Тыныбеков             - Қазақстан Республикасы Ішкі
      Қайрат Сағатханұлы      істер министрінің орынбасары

      Өмірияев              - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Мүслім Тайырұлы         шаруашылығы вице-министрі

      Омаров                - Қазақстан Республикасы Спорт
      Мұрат Ескелдіұлы        және дене шынықтыру істері агенттігі
                              төрағасының орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Амантай Жанкеұлы Күреңбеков, Марат Еркінұлы Толыбаев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов