«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес конкурстан тыс рәсімдерді республикалық бюджеттен 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 318 қаулысына
қосымша
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер
арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын
ғылыми-техникалық бағдарламалар
1. Қатты отынды тұтандыру және оны зертханада және өнеркәсіптік жағдайда сандық және эксперименталдық зерттеуде плазмалық технологияның ғылыми-техникалық негізін әзірлеу.
2. Қазақстан Республикасының индустриялық дамуын пайдалы қазбалар қорымен толтырудың ғылыми негіздемесі.
3. Жаңа материалдар синтезі, мұнай, мұнай өнімдерін және құрамында көміртекті газдар бар каталитикалық қайта өңдеу, технологияларын әзірлеу.
4. Көмір, органикалық және полимерлік шикізат негізінде металдардың нанобөлшектерін және көміртекті нанотетүтіктерді қатыстыра отырып, жасалатын нанокомпозиттік материалдарды алу мен қолдану технологияларын әзірлеу.
5. Түсті металлургияның қалдықтарынан және жартылай өнімдерінен металл сурьма және оның қоспаларын алудың тиімділігі жоғары экологиялық таза жаңа технология әзірлеу.
6. Темір бокситтерін қайта өңдеудің Байер-гидрогранат технологиясын әзірлеу.
7. Отқа төзімділігі жоғары кабель өнімдері өндірісін құру.
8. Арнайы мақсаттағы аса берік ситталдар алу, олардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу.
9. Металл және ағаш конструкциялар үшін оттан сақтайтын әлемдік деңгейдегі отандық төсемдер өндірісін құру.
10. Ipkon жаңа силикатты бекіткіші: интернационализация және экспорттық жылжыту.
11. Қарағанды метаны.
12. Қазақстанның жерасты сулары.
13. Қазақстан Республикасында микроэлектроника мен роботты техниканың ақпаратты-технологиялық базасын құру.
14. CUDA-технологияны пайдалана отырып, имитациялық моделдеудің жоғары өндірістік жүйесін құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу.
15. Арнайы мақсаттағы роботтық және роботты технологиялық жүйелердің тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелері.
16. GPU-процессорларды қолдану арқылы суперкомпьютерлі гибридті кластер құрудың технологиясын әзірлеу.
17. Қызылорда облысында мұнай өндіру кезінде бүлінген экожүйені биоремедиациялау.
18. Арал маңының тұздалған топырағының құнарлылығын қалпына келтірудің биотехнологиялық тәсілдерін қолдану.
19. Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін микробтық препараттарды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру технологиясын әзірлеу және ұйымдастыру.
20. Ірі қара малдың бруцеллезі: эпизоотологиялық жағдайдың мониторингі, диагностика мен алдын алу құралдарын әзірлеу.
21. Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктердің популяциясында жұқпалы аурулардың циркуляциясын эпизоотологиялық мониторинг және алдын алу әдістерін әзірлеу.
22. ДНК-технологияларын қолдану негізінде Қазақстан тұрғындарының жекелеген топтары үшін генетикалық паспорттар әзірлеу.
23. Қазақстан Республикасында микробиологиялық ресурстарды құру, сақтау, есепке алу және қолдану.
24. Қазақстан флорасының мәдени, интродуцияланған және жабайы өсетін өсімдіктері негізінде дәрілік препараттар, биологиялық белсенді қоспалар мен арнайы тағам өнімдерін және басқа материалдар жасаудың биотехнологиясы.
25. Ovis және Сарrа жануарлар тегінің ex situ сақтауының ғылыми негіздерін әзірлеу.
26. Адам мен жануар ағзасының соматикалық және висцералдық жүйесін реттеудің физиологиялық тетіктері.
27. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері.
28. Қазақстан Республикасының таулы және жазық аумақтарының табиғатын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері.
29. Қазақстан Республикасында болжау және шығынды азайту мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы күшті және қиратушы жер сілкіністері көріністерінің заңдылықтарын зерттеу.
30. Қазақстан медицинасының, ауыл шаруашылығының және қоршаған ортасының мұқтаждығы үшін отандық геномдық-протеомдық және жасушалық технологиялар әзірлеу.
31. Жаңа әдістемелік негізде Алматы қаласының аумағын сейсмикалық микроаудандастыру картасын әзірлеу.
32. «Ғылыми қазына» пәнаралық бағдарламасы.
33. Түркілік геосаяси феномен: Қайнар көзі, сабақтастығы.