"Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 316 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 186-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 316 қаулысына  
қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 345 қаулысына 
қосымша     

Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі
кеңесінің құрамы

Қазақстан Республикасының               - төраға
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы                  - төрағаның орынбасары
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары

Қазақстан Республикасының Еңбек және    - төрағаның орынбасары
халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Экономикалық  - төрағаның орынбасары
даму және сауда министрі

Қазақстан Республикасының Қоршаған      - төрағаның орынбасары
ортаны қорғау министрі

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны  - хатшы
қорғау министрлігі Экологиялық саясат
және орнықты даму департаментінің
директоры

Кеңес мүшелері:

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) төрағасы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
төрағасы (келісім бойынша)

Астана қаласының әкімі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғат
пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

«Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі
(келісім бойынша)

«Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көмектесу» орталығының
директоры (келісім бойынша)

«Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің
президенті (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті (келісім
бойынша)

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім
бойынша)

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері форумының төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының төрағасы (келісім бойынша)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму бағдарламасы Энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы (келісім бойынша)

Дүниежүзілік банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша)

Орнықты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Орнықты өндіріс пен тұтыну орталығының президенті (келісім бойынша)

Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығының атқарушы директоры (келісім бойынша)