Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 310 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына және 134-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      2) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      3) «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін қызмет кәсіпорындар қызметінің мынадай негізгі мәні болып белгіленсін:
      «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметтік ғимараттарын пайдалану және оның жабдықтау функцияларын орындау;
      «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметтік тұрғын үйлерін пайдалану және оның жабдықтау функцияларын орындау;
      «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Асханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны - Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж,, № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 38, 39, 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
      39. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      «41. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      2) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 648-құжат):
      көрсетілген қаулының 24-қосымшасында:
      басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 11-тармақ алып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) жаңадан құрылған ұйымдардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов