Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 302 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді";
      2) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      мына:

"Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі, төраға"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Ахметов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы               Министрінің бірінші орынбасары";

      мына:

"Жәмішев                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Болат Бидахметұлы             министрі"

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы            шаруашылығы министрі";

      мына:

"Тілеубаев                  - "Қазақстанның астық одағы" заңды
Нұрлан Сақтапбергенұлы        тұлғалар бірлестігінің президенті,
                              тәуелсіз директор"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Грамцов Андреас            - "Қазақстан-Герман аграрлық-саяси
                              диалогы" жобасының ғылыми қызметкері,
                              тәуелсіз директор".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрінің                        К. Мәсімов