"Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 294 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Фильтрлі сигареттерге (қорап):

      1) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін тоқсан теңге мөлшерінде;

      2) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін бір жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов