Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
      1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1 пайыз;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5 пайыз;
      3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз;
      5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.
      2. «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 17, 157-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов