"ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 251 Қаулысы

Қолданыстағы

      2011 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" Қарыз туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 251 қаулысына  
қосымша       

"ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының құрамы

Смайылов                      - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы                 агенттігінің төрағасы, жетекші

Жарқынбаев                    - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы                агенттігі төрағасының орынбасары,
                                жетекшінің орынбасары

Орынханов                     - Қазақстан Республикасы Статистика
Қайрат Кәкімұлы                 агенттігі Стратегиялық даму
                                департаментінің директоры, хатшы

Байжүнісов                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы                    сақтау вице-министрі

Әбсаттаров                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Қайрат Бектайұлы                коммуникация вице-министрі

Нұрымбетов                    - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы              халықты әлеуметтік қорғау
                                вице-министрі

Өмірияев                      - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Шаяхметов                     - Қазақстан Республикасының Білім және
Саят Болатұлы                   ғылым вице-министрі

Қалымова                      - Қазақстан Республикасы Әділет
Венера Қамысбайқызы             министрлігі Тіркеу қызметі және
                                құқықтық көмек көрсету комитеті
                                төрағасының орынбасары

Өмірзақова                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сәуле Қабыкенқызы               даму және сауда министрлігі
                                Макроэкономикалық талдау және
                                болжамдау департаментінің директоры

Бобрышев                      - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Лаврентий Васильевич            жаңа технологиялар министрлігі
                                Стратегиялық жоспарлау департаменті
                                директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 251 қаулысымен  
бекітілген      

"ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Жұмыс тобының міндеттері

      2. Жұмыс тобы өз құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;
      2) "ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жөніндегі жоба" (бұдан әрі - Жоба) жобасын іске асыру мәселелерін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің өкілдерімен талқылайды және Жобаны іске асыруға қатысты кез келген мәселелерді шешу бойынша келісілген шараларды қамтамасыз етеді;
      3) Жобаның іске асырылу барысына қадағалау және мониторинг жүргізеді;
      4) Жобаны уақтылы және тиімді іске асыруды қамтамасыз етуге қажетті өзге де шараларды қабылдайды.

3. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастыру

      3. Жұмыс тобының жетекшісі оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Жұмыс тобының жетекшісі болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      4. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі және жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      5. Жұмыс тобының шешімдері, қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешім қабылдаған кезде жұмыс тобының мүшелері тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, жұмыс тобының жетекшісі дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      6. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жұмыс тобының жұмыс органы болып табылады.
      Жұмыс тобының хатшысы жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды. Жұмыс тобының хатшысы жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      7. Жұмыс органы жұмыс тобының мүшелерін хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде хаттамамен таныстырады.