Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Конкурсқа қатысуға "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарында оқуға үміткер және Жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттарын ұсынған, білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - үміткерлер) жіберіледі.";
7-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша әр пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын алған үміткерлердің материалдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен комиссияның қарауына енгізіледі.";
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Конкурстың екінші кезеңінде ықтимал ең жоғары балдың отыз және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орынның болмауына байланысты мектепке қабылданбаған үміткерлер оқу жылы ішінде орын босаған жағдайда оларды оқуға шақыру мақсатында комиссия бекітетін резервтік тізімге енгізіледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов