Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Міндеттері» деген жолда:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру;»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жолда:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға байланысты республикалық бюджеттен қаржы шығындары 103,6 млрд. теңгенi құрайды.»;
«Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Бағдарлама міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру;»;
«Бағдарламаның әрбір міндеті бойынша белгіленетін нәтижелер көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«гептилді трансформациялаудың бірқатар өнімдері үшін 2 технологиялық регламент, 2 әдістеме және 2 гигиеналық норматив әзірлеу»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру, ол кәсіптік стандарттар жүйесін енгізуді, отандық және шетелдік ЖОО мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандар даярлауды, шетел ғарыш орталықтарында тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, кәсіби кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды және мынадай нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
ғарыш саласы қызметкерлерінің жалпы санына қатысты ғарыш қызметі саласындағы қазақстандық білікті мамандардың санын 50 %-ға дейін;
ғарыш бейінінде, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша даярланған мамандар (бакалаврлар, магистрлер, кандидаттар және ғылым докторлары, Ph.D докторлары) санын – 700 адамға ұлғайту.»;
«Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар» деген 4.5-кіші бөлімде:
бірінші бөлікте:
жетінші абзацтағы «министрлігі.» деген сөз «министрлігі;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері.»;
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағдарлама міндеттері бөлінісінде оны былайша іске асыру жоспарланып отыр.»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақсатты ғарыш жүйелерін құру мынадай іс-шараларды жүргізуді көздейді:»;
2-тармақта:
3) тармақшадағы «көздейді.» деген сөз «көздейді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығышы ҒЗК-ні құрудың экономикалық орындылығын негіздеу;
5) «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрамға кірмеген және Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) «Байқоңыр» кешенінің Ресей Федерациясы жалға алған құрамға кірмейтін объектілерін кәдеге жарату және жөндеу әрі аумақтарын қайта құнарландыру.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғарыш саласының кадрлық әлеуетін дамыту жүйесін қалыптастыру мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
1) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, PhD докторантура) білімі бар мамандарға, сондай-ақ кадрлар біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға қажеттілігін тұрақты негізде мониторингілеуді және болжауды қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Кадрлар» ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу және енгізу;
2) Ғарыш қызметі үшін мамандардың және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығын құру, оның маңызды бағыты экономиканың түрлі салаларынан ғарыш қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларын оқыту болады;
3) кадрлық әлеуеттің сапасын арттыру мақсатында ғарыш саласына кәсіби стандарттар жүйесін кезең-кезеңімен енгізу;
4) «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде даярланған жас мамандар үшін қосымша бос орындар құру мақсатында Қазғарыштың кәсіпорындары іске асыратын жобалардың санын ұлғайту;
5) ұзақ мерзімді перспективаға арналған (10 жыл) ғарыш саласының кадрларын даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұжырымдамасын (бағдарламасын) қабылдау;
6) ғарыш қызметі саласында инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды таяу және алыс шетелдің тиісті оқу орындары мен ғылыми орталықтарында, соның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде даярлауды, тағылымдамадан өткізуді және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.»;
6-тармақта:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы мониторинг Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес іске асырылады.»;
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Нысаналы индикаторларға қол жеткізу мониторингі әр жоба және жылдар бойынша бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жүргізілетін болады, ол былайша жүзеге асырылатын болады:
жобаларды іске асырудың жоспар-кестелеріне сәйкес жобалардың орындалуының ағымдағы барысын салыстыру;
іс-қимылды түзетуді немесе алдын алуды талап ететін сәттерді анықтау үшін орындалу барысын бағалау;
тәуекелдерді уақтылы анықтау және жауап қайтару үшін жоба тәуекелдерін талдау, қадағалау және мониторингілеу;
жобаларды және олардың өнімдерін іске асыру барысына қатысты дұрыс және өзекті ақпараттық базаны жүргізу;
ағымдағы жай-күй, ілгерілеу мен болжау бағалары туралы есептерді құру үшін ақпарат ұсыну;
шығындар туралы ағымдағы деректерді жаңарту үшін болжамдарды ұсыну және жобалардың кестесі;
жобаларды іске асыру барысына өзгерістер енгізу мониторингі.
Тәуекелдерді төмендету мақсатында Қазғарыш өзіне ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен бірлесіп, мыналар бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін болады:
Қазғарыштың кәсіпорындарында жобаларды басқару жөніндегі стандарттарды енгізу;
жобаларды іске асырудың үдерісінде ақпараттық жүйелерді енгізу;
Қазғарыштың кәсіпорындарында жобалардың тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу;
жобаны іске асыруға қатысушылардың корпоративтік мәдениеті деңгейін арттыру.»;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыруға байланысты қаржылық шығындар 103 640 486 мың теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар және қаржыландыру көздерi бойынша:
2010 ж. – республикалық бюджет – 14 774 686 мың теңге;
2011 ж. – республикалық бюджет – 39 294 012 мың теңге;
2012 ж. – республикалық бюджет – 35 857 339 мың теңге;
2013 ж. – республикалық бюджет – 10 030 266 мың теңге;
2014 ж. – республикалық бюджет – 3 684 183 мың теңге.
Республикалық бюджет, барлығы – 103 640 486 мың теңге.»;
«Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
1-қосымша
7. Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
Р\с № | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындау үшiн жауаптылар | Орындау мерзiмi |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Мақсатты ғарыш жүйелерiн құру |
||||
1.1 |
«KazSat» спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2014 жылғы 4-тоқсан |
1.1.1 |
«KazSat-2» байланыс және хабар таратушы ғарыш аппараттарын құру және ұшыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2011 жылғы 4-тоқсан |
1.1.2 |
«KazSat-3» байланыс және хабар таратушы ғарыш аппараттарын құру және ұшыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2013 жылғы 4-тоқсан |
1.1.3 |
Резервтiк жерүстi басқару кешенiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2012 жылғы 4-тоқсан |
1.1.4 |
Ғарыш аппараттарының басқарылуын қамтамасыз ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, |
2014 жылғы 4-тоқсан |
1.2 |
Қазақстан Республикасының орташа және жоғары шешiмдi Жердi қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
1.3 |
Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру жөнінде инвестициялық ұсыныстар әзірлеу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2011 жылғы 4-тоқсан |
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту |
||||
2.1 |
Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
2.2 |
«Байқоңыр» ғарыш айлағын қолдау және жаңарту |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2016 жылғы 4-тоқсан |
2.2.1 |
«Бәйтерек» ҒЗК салу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Бәйтерек» БК |
2016 жылғы 4-тоқсан |
2.2.2 |
Қазақстан Республикасының «Зенит» ЗТ және «Днепр» ЗТ коммерциялық жобаларына қатысуын пысықтау |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2011 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.3 |
Құрамға кірмеген және Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешені нысандарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Инфракос» РМК |
2014 жылғы 4-тоқсан |
2.2.4 |
«Байқоңыр» кешендегі Ресей Федерациясының жалға алу құрамына кірмейтін нысандарды кәдеге жарату, қайта құнарландыру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Инфракос» РМК |
2011 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
2.3 |
Жеңіл класты ғарыштық мақсаттағы зымыран-тасығыштармен ҒЗК-ні құру жөніндегі инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2012 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
3. Ғарыш қызметiнiң ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту |
||||
3.1 |
Ғарыш қызметi саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
4. Соңғы тұтынушылардың ғарыш жүйелерiн қолдану мақсатты жобаларын iске асыру |
||||
4.1 |
Қазақстан Республикасы жоғары дәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2013 жылғы 4-тоқсан |
5. Ғарыш саласы үшiн кәсiби мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру |
||||
5.1 |
Ғарыш саласы мамандарын қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
5.2 |
Ғарыш саласы мамандарын даярлаудың, біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын (Бағдарламасын) қабылдау |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
5.3 |
«Болашақ» бағдарламасы түлектеріне Қазғарыштың кәсіпорындарына жұмысқа тұруына ықпал ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ, «ҚҒС» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» БК, «РҒБО» АҚ |
2014 жылғы 4-тоқсан |
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру |
||||
6.1. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық реттеу мәселелерiн насихаттауды ұйымдастыру |
ҰҒА Веб- сайтындағы ақпарат және БАҚ-та жариялау |
ҰҒА |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.2 |
Ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеудi қамтамасыз ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.3 |
Ғарыш қызметi саласындағы кәсiпорындарда ISO халықаралық сапа стандарты негiзiнде менеджмент жүйесiн енгiзуiн қамтамасыз ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ, «ҚҒС» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» БК, «РҒБО» АҚ |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.4 |
«Ғарыш қызметi» ТК 66 ISO/TK 20 стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйымының жұмысында қатысу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ, |
2010 жылғы 2-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.5 |
Жетекшi дүниежүзiлiк өндiрушiлермен бiрлесiп ғарыш техникасын, технологияларын, ғарыш инфрақұрылым объектiлерiн құру жөнiндегi халықаралық жобаларды iске асыруға Қазақстан Республикасының қатысуы |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҚҒС» ҰК» АҚ, |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.6 |
Ғарыш қызметi саласында әлемдiк көшбасшы болып табылатын басқа мемлекеттермен ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын дамыту |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.7 |
«Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзiрлеу |
Қазақстан Республика сы Заңының жобасы |
ҰҒА |
2010 жылғы 4-тоқсан |
6.8 |
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаны әзiрлеу |
Қазақстан Республика сы Заңының жобасы |
ҰҒА |
2010 жылғы 4-тоқсан |
6.9 |
Ғарыш бейiнi мамандықтары бойынша бiлiм стандарттарды әзiрлеудi қамтамасыз ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «ҰҒЗТО» АҚ |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.10 |
Ғарыш қызметiн экологиялық нормалау жүйесiн құру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, «Инфракос» РМК |
2010 жылғы 1-тоқсан, 2014 жылғы 4-тоқсан |
6.11 |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің 2012 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық радионавигациялық бағдарламасы шеңберінде құжаттарды әзірлеу және келісу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
ҰҒА, ҚҒС» ҰК» АҚ |
2011 ж 2012 ж |
Iс-шаралар бойынша барлығы |
кестенің жалғасы
Болжамдалған шығындар (мың теңге) | Қаржыландыру көзі | |||||
---|---|---|---|---|---|---|
2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл | Барлығы | |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. Мақсатты ғарыш жүйелерiн құру |
||||||
5 941 818 | 7 795 342 | 11 481 844 | 8 989 308 | 2 803 996 |
37 012 308 | 011 РБ |
1 812 200 |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 812 200 |
011 РБ |
3 000 000 |
5 500 000 |
10 500 000 |
8 000 000 |
0 |
27 000 000 |
011 РБ |
1 000 000 |
1 019 503 |
0 |
0 |
0 |
2 019 503 |
011 РБ |
129 618 |
1 275 839 |
981 844 |
989 308 |
2 803 996 |
6 180 605 |
009 РБ |
2 785 800 | 20 281 717 | 10 142 716 | 0 | 0 | 33 210 233 | 005 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
2. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымын дамыту |
||||||
4 191 200 | 5 281 717 | 11 033 699 | 0 | 0 | 20 506 616 | 005 РБ |
79000 | 3 722 268 | 909 138 | 990 958 | 830 187 | 6 531 551 | 010, 015, 004 РБ |
- |
3 587 617 |
670 664 |
725 634 |
725 634 |
5 709 549 |
010 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
РБ |
79 000 |
78 474 |
78 474 |
104 553 |
104 553 |
445 034 |
015 РБ |
- |
56 177 |
160 000 |
160 771 |
0 |
376 948 |
004 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
3. Ғарыш қызметiнiң ғылыми және ғылыми-технологиялық базасын дамыту |
||||||
730 660 | 734 415 | 700 000 | 0 | 0 | 2 165 075 | 002 РБ |
4. Соңғы тұтынушылардың ғарыш жүйелерiн қолдану мақсатты жобаларын iске асыру |
||||||
978 603 | 1 365 948 | 1 421 022 | 0 | 0 | 3 765 573 | 005 РБ |
5. Ғарыш саласы үшiн кәсiби мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру |
||||||
50 000 | 50 000 | 50 000 | 50 000 | 50 000 | 250 000 | 017 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
6. Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру |
||||||
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
17 605 | 22 579 | 13 000 | 0 | 0 | 53 184 | 014 РБ |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
талап етілмейді |
|
0 | 40 026 | 105 920 | 0 | 0 | 145 946 | 020 РБ |
14 774 686 | 39 294 012 | 35 857 339 | 10 030 266 | 3 684 183 | 103 640 486 | РБ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлiгi
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлiгi
ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi
«ҚҒС» ҰК» АҚ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы»
акционерлiк қоғамы
«ҒБРО» АҚ - «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық
құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгi
республикалық орталығы» акционерлiк қоғамы
«ҰҒЗТО» АҚ - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар
орталығы» акционерлiк қоғамы
«Инфракос» РМК - «Инфракос» республикалық мемлекеттік
кәсiпорыны.
«Инфракос-Экос» ЕМК - «Инфракос-Экос» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны.