"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 134 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.
      2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі», «Еуразия сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамдары акцияларының пакетін иелену мен пайдалану құқықтары және «РФЦА Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесі республикалық меншікке түскеннен кейін олар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне берілсін.
      3. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакеті тарату комиссиясы оларды бергеннен кейін «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының төлеміне берілсін.
      4. «Қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының 50% мемлекеттік пакеті және «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілсін.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-106-жол алып тасталсын.
      7. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне» деген бөлім алып тасталсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов