Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан шығарылатын және экспортталатын тауарларды шығарған елді айқындау үшін, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына және Еуропалық қоғамдастыққа, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға және тауардың шығарылуымен растау "Оригинал" нысанды сертификатпен жүзеге асырылатын елдер үшін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 қаулысымен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімде және Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың № 2454/93 Регламентінде келтірілген.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын толық құжаттар пакетімен бірге өтінім ұсынылған және тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
"Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше есе жеткізу кезінде бір жыл мерзімге бірінші жөнелтілімнің келісімшарттық партиясына, оның ішінде сериялы шығарылатын тауарларға сараптау актісін беруге жол беріледі.
Сараптау актісінде тауардың бірінші жіберілетін партиясында тауардың келісімшарттың партиясы немесе шығарылымның жылдық көлемі көрсетіледі.
Осы тауардағы өндірісті өзгерту технологиясы мен құрамдауыштары, сондай-ақ материалды жеткізуші елдерге Өтініш беруші тауардың шығу тегі туралы сараптау жаңа актісін және шығу тегі сертификатын алу мақсатында осы өзгерістер туралы сараптау ұйымына бес жұмыс күні ішінде хабардар етуі қажет.";
23-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "А" нысанындағы сертификат - Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдерге, сондай-ақ Бас преференциялар жүйесі шеңберінде АҚШ-қа, Канадаға, Жапонияға, Түркияға, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Швейцарияға және Лихтенштейнге, Норвегияға экспортталатын тауарларға;";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тауарды Қазақстан Республикасының әкеткен шығарған кезде тауардың шығу тегі туралы сертификат сол бір жүк жөнелтушіден сол бір жүк жөнелтушіге бір немесе бірнеше көлік құралымен жүзеге асырылатын тауардың бір мезгілде жөнелтілетін әрбір партиясына ресімделеді.";
27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Бір келісімшарттың шеңберінде тауарды бірнеше мәрте жеткізу кезінде бір мезгілде түпнұсқасы тауардың барлық келісімшарттық партиясына немесе сериялы өндіріс тауарларына ресімделген және экспорттаушы бірінші жөнелтімде ұсынатын сараптама актісінің көшірмесімен жөнелтілетін тауардың әрбір партиясына тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге рұқсат етіледі.
Тауардың шығу тегі сертификатын алуға арналған өтініште Өтініш беруші жөнелтілетін тауар партиясы өндіріс технологиясының және құрамдауыштарының өзгеріске ұшырамағанын, сондай-ақ бұл тауардың материалдарын жеткізуші елдерді растайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі:
"СТ-1" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
"Оригинал" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он екі айды;
"А" нысан үшін ол берілген күнінен бастап он айды құрайды.";
37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстанда одан әрі айналымға арналған Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мен бос қоймаларының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды шығарған елді анықтау үшін нақты тауарларға қатысты тауарға шығу тегі мәртебесін беруге қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесі көрсетілген Ереженің 9-қосымшасында белгіленген.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауардың шығу тегінің сараптамасын тауар шығарылған елді айқындау жөніндегі сарапшы аудитор тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың толық пакеті бар өтінім ұсынылған және тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";
45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен компоненттердің құны және/немесе шикізатты жеткізуге арналған шарттар, шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар оларға сәйкес тауар өндірілетін нормативтік және технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе компоненттердің құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);";
мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде жүкқұжаттар, шот-фактуралар, тауарды тасымалдау туралы құжаттар, сондай-ақ қоймалық анықтама талап етілмейді.";
47-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел өзгерген жағдайда тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі сертификатын алу мақсатында Өтініш беруші сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Тауарды арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне әкелген және (немесе) тауарды Қазақстан Республикасының аумағында сатқан кезде "СТ-К2" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат тауарды жеткізуге ресімделеді немесе сериялы өндіріске және өндірушіге немесе уәкілетті тұлғаға беріледі.";
60-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) 5-баған - "Қызметтік белгілер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері енгізіледі, сондай-ақ мынадай жазулар болады: "Көшірме", "Сертификат орнына берілді" және/немесе "Сериялық өндіріске берілген". Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі;";
9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"9) 9-баған - "Шығу тегі өлшемдері". Тауарлардың шығу тегінің мынадай өлшемдері көрсетіледі:
П - толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған тауар;
Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы қазақстандық қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі қазақстандық қамтудың үлесін есептеу осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес формула бойынша жүргізіледі.
Егер сертификатта сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының әртүрлі тауар позицияларында жіктелетін және шығу тегінің өлшемдері әртүрлі тауарларға өтініш берілсе, онда 9-бағанда барлық өтініш берілген тауарлар үшін шығу тегінің өлшемдері сараланған түрде көрсетіледі;
10) 10-баған - "Тауардың саны".
СЭҚ ТН-ге сәйкес тауардың брутто/нетто (кг) салмағы және/немесе басқа сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген санының арасындағы алшақтық 5 %-дан аспауы тиіс;
"СТ-К2" нысанды сертификатты сериялық өндіріс өніміне ресімдеген жағдайда 2, 7, 10-бағандары толтырылмайды.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты, тауардың шығу тегі туралы сертификат түпнұсқасын беру немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша негізделген шешімді беру мерзімі бір жұмыс күнінен, ал осы Ереженің 5-тармағында көзделген жағдайларда, өтініш аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайды.";
Ережеде көрсетілген 9-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«4015 |
Киім және түрлі мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкілерді қоса алғанда) арналған керек-жарақтар |
Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының материалдары пайдаланылатын құн мыналардан аспауы тиіс: |
7304 |
Қара металдардан жасалған қуыс, жіксіз құбырлар, түтіктер және профильдер (шойыннан құйылғандардан басқа) |
Дайындау кезінде сол позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың және дайын өнімнің құны кезінде мынадай операцияларды орындау шартымен 2010 жылдан кейін өндірістің бірінші жылындағы түпкілікті өнім бағасының 80%-ынан аспауы тиіс: |
8411 |
Турбореактивтік және |
Тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап бірінші жылы, түпкілікті өнім бағасының 90%-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
"8433 |
Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
||
"8433 |
"8433 Сабанды және пішенді дестелерге буып-түюге арналған тайлағыш престер мен престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 90% - ынан аспауы тиіс, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының - 85 %, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
"8471 |
Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгізілмеген машиналар |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
||
"8471 |
Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттік немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгізілмеген машиналар |
Дайындау, ол кезде барлық қолданылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау шарттарымен түпкілікті өнім бағасының 80 %-ынан аспауы тиіс: |
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: |
||
"8517 |
Ұялы байланыс желілеріне немесе басқа сымсыз байланыс желілеріне арналған телефон аппараттарын қоса алғанда телефон аппараттары; басқа сымды немесе сымсыз байланыс желісіне арналған коммуникацияға арналған аппаратураны қоса алғанда дауысты, бейнені немесе басқа деректерді таратуға немесе қабылдауға арналған басқа аппаратура (мысалы, жергілікті немесе ғаламдық байланыс желісінде), 8443, 8525, 8527 немесе 8528 тауар позицияларының таратқыш және қабылдағыш аппаратурасынан басқа. |
Технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген жағдайда позиция материалдарынан дайындау: |
8539 |
Герметикалық бағытталған жарығы бар шамдарды, сондай- ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдарды қоса алғанда, электр немесе газ разрядты қыздыру шамдары; доғалық шамдар |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен детальдар құны бірінші жылы, тауардың осы түрін дайындау басталған күннен бастап түпкілікті өнім бағасының 70 %-ынан аспауы тиіс, екінші жылы және кейінгі жылдары - түпкілікті өнім бағасының 60 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде: |
"8601 |
Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін немесе аккумуляторлық темір жол локомотивтері |
Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауы тиіс" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
||
"8601 |
Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін немесе аккумуляторлық темір жол локомотивтері |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 95 %-ынан аспауы тиіс; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: |
||
"8802 |
Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тікұшақтар, ұшақтар); ғарыш аппараттары (жер серіктерін қоса алғанда) және қосалқы орбиталық пен ғарыш зымыран |
Дайындау, ол кезде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны алғашқы жылы осы тауар түрін дайындау басталатын күннен бастап, түпкілікті өнім бағасының 85 %-ынан аспауы тиіс, екінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы; үшінші жылы - түпкілікті өнім бағасының 75 %-ы, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен: |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов