"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 66 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің ережесін бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:
      «135-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының Әділет департаменті Приозерск қаласының Әділет басқармасы».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов