Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1733 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1733 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын
төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде
қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық
міндеттемесін орындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың ҚҚС бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібін реттейді.

2. Құжаттарды тапсыру және тіркеу есебіне қою

      2. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға (бұдан әрі – резидент емес заңды тұлға) тауарларды уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық қызметі органдарына келіп, уақытша әкелінген тауарлар әкелінген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген нысан бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті береді.
      Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) құрылтай құжаттарының көшірмесі;
      2) салықтық тіркеу нөмірі болған жағдайда осындай нөмірді (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      3. Резидент емес заңды тұлға уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық қызметі органдарына уақытша әкелінген тауарлар әкелінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер (бұдан әрі – Мәліметтер);
      2) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттар:
      оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шарт (келісімшарт) (ол болған кезде);
      тауарға ілеспе құжаттар.
      Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде орналасқан болса, резидент емес заңды тұлға барлық уақытша әкелінген тауарлар бойынша аталған құжаттарды осындай уақытша әкелінген тауарлардың бірі орналасқан жердегі салық қызметі органдарына табыс етеді.
      4. Резидент емес заңды тұлға тауарларды кейіннен уақытша әкелуді жүзеге асырған жағдайда уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық қызметі органдарына өзі келіп уақытша әкелінген тауарлар әкелінген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ҚҚС төлеу туралы құжатты (төлем құжатының көшірмесін) табыс етеді.
      5. Салық кодексінің 562-бабы 4-тармағының негізінде салық төлеуші ретінде тіркелген резидент емес заңды тұлға тауар уақытша әкелінген күннен бастап он жұмыс күні өткенге дейін тауарларды уақытша әкелген жағдайда, уақытша әкелінген тауар орналасқан орын бойынша салық қызметі органдарына өзі келіп уақытша әкелінген тауарлар әкелінген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ҚҚС төлеу туралы құжатты (төлем құжатының көшірмесін) табыс етеді.
      6. Мәліметтер Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы ақпаратты көрсетуге арналған және оның негізінде импортқа ҚҚС есептелетін құжат болып табылады.
      7. Мәліметтер қағаз тасығышта табыс етіледі. Мәліметтер қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, бас баспаханалық символдармен немесе баспа құрылғысы пайдаланылып отырып толтырылады.
      Қағаз тасығыштағы Мәліметтер екі данада жасалады, бір данасы салық қызметі органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
      Қағаз тасығыштағы Мәліметтерге салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады.
      Мәліметтіерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      8. Мәліметтерде:
      1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СТН/БСН).
      2) резидент емес заңды тұлғаның атауы;
      3) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) арасында жасалған шартта (келісімшартта) (ол болған жағдайда) көзделген орналасқан орны;
      4) уақытша әкелінген тауарларды немесе көлік құралдарын әкелуді жүзеге асыруға негіз болған құжат, сондай-ақ оның нөмірі мен күні;
      5) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының атауы;
      6) уақытша әкелінген тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды;
      7) тауардың өлшем бірлігі;
      8) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының саны;
      9) валюта коды және валютаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңге бағамы;
      10) көліктік (тауарға ілеспе) құжаттың деректері (сериясы және нөмірі, күні);
      11) уақытша әкелу мерзімі (уақытша әкелінген тауарларды әкелу және әкету күні);
      12) уақытша әкелу мақсаты мен жағдаяты;
      13) Салық кодексінің ережелеріне сәйкес айқындалған уақытша әкелінген тауарлардың құны;
      14) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде уақытша әкелінген тауарлар бойынша төленуге тиіс ҚҚС сомасы;
      15) Салық кодексінің ережелеріне сәйкес айқындалатын салық салу базасы көрсетіледі.

3. ҚҚС төлеу

      9. Резидент емес заңды тұлғалар тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелген кезде ҚҚС төлеу уақытша әкелінген тауарлар әкелінген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкелінген тауардың, көлік құралының орналасқан орны бойынша жүргізіледі.
      Бұл ретте резидент емес заңды тұлға уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық қызметі органдарына ҚҚС төлеу туралы төлем құжатты табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн
салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде  
көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының  
аумағына уақытша әкелу кезінде қызметін тұрақты    
мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды 
тұлғалардың қосылған құн салығы бойынша салық    
міндеттемесін орындау қағидаларына         
қосымша                      

нысан                       

Уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер

Нөмірі Күні Айы Жылы
---------------------                     -----          ------
|     |    |   |     |                   |     | беттің |      | беті
---------------------                     -----          ------

Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі

СТН/БСН

Ел коды

01 _____________________________________________________________________________
                 (резидент емес заңды тұлғаның атауы)

02 ____________________________________________________________________________
                   (орналасқан орны)

03 Шарттың (келісімшарттың) № ____ Шарттың (келісімшарттың) күні 20___ж.______ сертификаттау №___, ____ сертификаттау күні ___, __

Р/с

Тауардың атауы

СЭҚ ТН коды

Тауардың өлшемі бірлігі

Тауардың саны

Тауардың құны

Валюта

Салық салу базасы

ҚҚС сомасы

Көліктік (тауарға ілеспе) құжат

Әкелу күні

Болжамды әкету күні

Коды

Бағамы

Сериясы, нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Барлығы:

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х


х

________________________/__________/            20____жылғы «___»____(салық төлеушінің тегі, аты-жөні) (қолы)         (күні)
М.О.

___________________________________________/_____________/
(нысанды қабылдаған лауазымды адамның аты-жөні) (қолы)

Нысан қабылданған күні 20__ жылғы «_»_____    салық қызметі органының
                                                         М.О.