"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің "Алмас" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1717 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 851 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      3-тармақта:
      2) тармақшадағы «ұйымдастыру.» деген сөз «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) осы қаулының қосымшасына сәйкес мамандандырылған баспаханада мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін өте құпия және құпия құжаттар, кітаптар, нұсқаулықтар, брошюралар, бюллетендер, журналдар мен басқа да басылымдар (арнайы баспа өнімдері) және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралымы шектеулі баспа өнімдерін әзірлеу.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қызмет бабында пайдалану үшін.»;
      осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің    
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1717 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2001 жылғы 22 маусымдағы
№ 851 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мелекеттік қазыналық кәсіпорнының мамандандырылған баспаханасының баспа өнімдері түрлерінің (өте құпия және құпия (арнайы баспа өнімдерінің) және «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таралымы шектеулі баспа өнімдерінің)
ТІЗБЕСІ

      1. Қатты және жұмсақ түптелген (нөмірленген) кітап басылымдары (кітаптар).
      2. Брошюралар (бюллетень) (нөмірленген).
      3. Есептік құжаттамалардың нысандары (журналдар, анықтамалар, есепке алу карточкалары, жүкқұжаттар және басқалар).
      4. Блокноттар, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар телефон анықтамалықтары (нөмірленген).
      5. Конверттер, «крафт» конверттер, құпия хат-хабарды жөнелтуге арналған логотипі бар конверттер.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкілер.

      Ескертпе: Мамандандырылған баспахана басқа құпия емес баспа өнімдерін арнайы баспа өнімдерінен бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған тиісті шарттар негізінде дайындауы мүмкін. Мамандандырылған баспаханада құпия құжаттарды есепке алу және құпиялылық режимі Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.