«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1709 қаулысымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2. ДСН-кодтарын беру тәртібі
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді. Бұл ретте, өтініш беруші мемлекеттік тізілімде тіркелген бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификатының көшірмесін, ал мұнай өнімдерін өндірушілер – мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалануға, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
3. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодын беруге арналған жиынтық өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауы бойынша мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жібереді.
4. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннің, авиациялық және дизель отыны мен мазуттың әрбір маркасына оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы ДСН-кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
5. ДСН-кодтарын құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
6. Уәкілетті орган берілген ДСН-кодтары туралы аумақтық бөлімшелерді өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
7. Аумақтық бөлімшелер мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтары берілгені туралы өтініш беруші мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағында аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тартады.
9. Уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тарту туралы аумақтық бөлімшелер мен мұнай өнімдерін өткізуді жоспарлаған өтініш берушіні жиынтық өтінім жіберілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша хабардар етеді.
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінім
_________________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық органының бастығына
_________________________________
20___ жылғы « »
Салық төлеушінің атауы:
Cубъектінің СТН-і:
Cубъектінің ЖСН/БСН-і:
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с |
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім) |
Мұнай өнімінің коды (егер бұдан бұрын берілген болса түсетін тізім) |
Мұнай өнімінің атауы (егер бұдан бұрын берілмеген жағдайда енгізіледі) |
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
||||
2 |
Басшы ____________________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
2-қосымша
Мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерге ДСН-кодтарын беруге арналған жиынтық өтінім
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Салық комитетінің төрағасына
________________________________
20___ жылғы « »
Р/с № |
Салық төлеушінің атауы |
СТН |
ЖСН/БСН* |
Cубъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы) |
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы |
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім) |
Мұнай өнімінің коды |
Мұнай өнімінің атауы |
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.) |
1 |
2 |
7 |
8 |
9 |
10 |
||||
1 |
|||||||||
2 |
Басшы ____________________ ____________ _______________
(Облыс) (қолы) (аты-жөні)
* - 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының құрылымы
Бірінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
үшінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
төртінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден бастап 999-ға дейінгі реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарының
құрылымына
қосымша
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
ДСН-код |
Әкімшілік–аумақтық бірліктің атауы |
1 |
2 |
Ақмола облысы |
|
001 |
Көкшетау қаласы |
002 |
Ақкөл ауданы |
003 |
Астрахан ауданы |
004 |
Атбасар ауданы |
005 |
Сандықтау ауданы |
006 |
Аршалы ауданы |
007 |
Ерейментау ауданы |
008 |
Егіндікөл ауданы |
009 |
Қорғалжын ауданы |
010 |
Бұланды ауданы |
011 |
Целиноград ауданы |
012 |
Шортанды ауданы |
013 |
Степногор ауданы |
014 |
Жарқайың ауданы |
015 |
Есіл ауданы |
016 |
Жақсы ауданы |
017 |
Зеренді ауданы |
018 |
Бурабай ауданы |
019 |
Еңбекшілдер ауданы |
020 |
Бурабай АЭА |
Ақтөбе облысы |
|
021 |
Ақтөбе қаласы |
022 |
Алға ауданы |
023 |
Байғанин ауданы |
024 |
Әйтеке би ауданы |
025 |
Ырғыз ауданы |
026 |
Қарғалы ауданы |
027 |
Мәртөк ауданы |
028 |
Мұғалжар ауданы |
029 |
Темір ауданы |
030 |
Ойыл ауданы |
031 |
Қобда ауданы |
032 |
Хромтау ауданы |
033 |
Шалқар ауданы |
Алматы облысы |
|
034 |
Талдықорған қаласы |
035 |
Балқаш ауданы |
036 |
Жамбыл ауданы |
037 |
Іле ауданы |
038 |
Қарасай ауданы |
039 |
Райымбек ауданы |
040 |
Талғар ауданы |
041 |
Ұйғыр ауданы |
042 |
Еңбекшіқазақ ауданы |
043 |
Қапшағай қаласы |
044 |
Ақсу ауданы |
045 |
Алакөл ауданы |
046 |
Қаратал ауданы |
047 |
Кербұлақ ауданы |
048 |
Көксу ауданы |
049 |
Панфилов ауданы |
050 |
Сарқан ауданы |
051 |
Ескелді ауданы |
052 |
Текелі қаласы |
Атырау облысы |
|
053 |
Атырау қаласы |
054 |
Құрманғазы ауданы |
055 |
Индер ауданы |
056 |
Исатай ауданы |
057 |
Қызылқоға ауданы |
058 |
Мақат ауданы |
059 |
Махамбетов ауданы |
060 |
Жылыой ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы |
|
061 |
Өскемен қаласы |
062 |
Катонқарағай ауданы |
063 |
Глубоков ауданы |
064 |
Зайсан ауданы |
065 |
Күршім ауданы |
066 |
Тарбағатай ауданы |
067 |
Ұлан ауданы |
068 |
Шемонаиха ауданы |
069 |
Зырянов ауданы |
070 |
Риддер қаласы |
071 |
Абай ауданы |
072 |
Аякөз ауданы |
073 |
Бесқарағай ауданы |
074 |
Бородулиха ауданы |
075 |
Жарма ауданы |
076 |
Көкпекті ауданы |
077 |
Курчатов қаласы |
078 |
Үржар ауданы |
079 |
Семей қаласы |
Жамбыл облысы |
|
080 |
Тараз қаласы |
081 |
Жамбыл ауданы |
082 |
Жуалы ауданы |
083 |
Қордай ауданы |
084 |
Тұрар Рысқұлов ауданы |
085 |
Мерке ауданы |
086 |
Мойынқұм ауданы |
087 |
Сарысу ауданы |
088 |
Байзақ ауданы |
089 |
Талас ауданы |
090 |
Шу ауданы |
Батыс Қазақстан облысы |
|
091 |
Орал қаласы |
092 |
Бөрлі ауданы |
093 |
Жәнібек ауданы |
094 |
Жаңақала ауданы |
095 |
Зеленов ауданы |
096 |
Қазталов ауданы |
097 |
Қаратөбе ауданы |
098 |
Сырым ауданы |
099 |
Тасқала ауданы |
100 |
Теректі ауданы |
101 |
Бөкей ордасы ауданы |
102 |
Ақжайық ауданы |
103 |
Шыңғырлау ауданы |
Қарағанды облысы |
|
104 |
Қарағанды қаласы |
105 |
Абай ауданы |
106 |
Қарқаралы ауданы |
107 |
Нұра ауданы |
108 |
Осакаров ауданы |
109 |
Саран қаласы |
110 |
Теміртау қаласы |
111 |
Бұхар жырау ауданы |
112 |
Шахтинск қаласы |
113 |
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы |
114 |
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы |
115 |
Ақтоғай ауданы |
116 |
Жаңаарқа ауданы |
117 |
Ұлытау ауданы |
118 |
Шет ауданы |
119 |
Балқаш қаласы |
120 |
Жезқазған қаласы |
121 |
Приозерск қаласы |
122 |
Қаражал қаласы |
123 |
Сатпаев қаласы |
Қызылорда облысы |
|
124 |
Қызылорда қаласы |
125 |
Арал ауданы |
126 |
Қазалы ауданы |
127 |
Қармақшы ауданы |
128 |
Жалағаш ауданы |
129 |
Сырдария ауданы |
130 |
Шиелі ауданы |
131 |
Жаңақорған ауданы |
Қостанай облысы |
|
132 |
Қостанай қаласы |
133 |
Алтынсарин ауданы |
134 |
Меңдіқара ауданы |
135 |
Жітіқара ауданы |
136 |
Қамысты ауданы |
137 |
Қарасу ауданы |
138 |
Қарабалық ауданы |
139 |
Қостанай ауданы |
140 |
Ұзынкөл ауданы |
141 |
Наурызым ауданы |
142 |
Денисов ауданы |
143 |
Әулиекөл ауданы |
144 |
Таран ауданы |
145 |
Сарыкөл ауданы |
146 |
Федоров ауданы |
147 |
Лисаковск қаласы |
148 |
Рудный қаласы |
149 |
Амангелді ауданы |
150 |
Жангелді ауданы |
151 |
Арқалық қаласы |
Маңғыстау облысы |
|
152 |
Мұнайлы ауданы |
153 |
Бейнеу ауданы |
154 |
Қарақия ауданы |
155 |
Маңғыстау ауданы |
156 |
Түпқараған ауданы |
157 |
Жаңаөзен қаласы |
158 |
Ақтау теңіз порты |
Павлодар облысы |
|
159 |
Павлодар қаласы |
160 |
Ақтоғай ауданы |
161 |
Баянауыл ауданы |
162 |
Железин ауданы |
163 |
Ертіс ауданы |
164 |
Қашыр ауданы |
165 |
Лебяжі ауданы |
166 |
Май ауданы |
167 |
Павлодар ауданы |
168 |
Успен ауданы |
169 |
Шарбақты ауданы |
170 |
Ақсу қаласы |
171 |
Екібастұз қаласы |
Солтүстік Қазақстан облысы |
|
172 |
Қызылжар ауданы |
173 |
М. Жұмабаев ауданы |
174 |
Жамбыл ауданы |
175 |
Есіл ауданы |
176 |
Мамлют ауданы |
177 |
Шал ақын ауданы |
178 |
Аққайың ауданы |
179 |
Тимирязев ауданы |
180 |
Айыртау ауданы |
181 |
Ақжар ауданы |
182 |
Тайынша ауданы |
183 |
Уәлиханов ауданы |
184 |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
|
185 |
Шымкент қаласы |
186 |
Бәйдібек ауданы |
187 |
Оpдабасы ауданы |
188 |
Отыpаp ауданы |
189 |
Қазығұpт ауданы |
190 |
Төлеби ауданы |
191 |
Мақтааpал ауданы |
192 |
Сайpам ауданы |
193 |
Саpыағаш ауданы |
194 |
Созақ ауданы |
195 |
Түлкібас ауданы |
196 |
Шаpдаpа ауданы |
197 |
Аpыс қаласы |
198 |
Кентау қаласы |
199 |
Түpкістан қаласы |
200 |
Әл-Фараби ауданы |
201 |
Абай ауданы |
202 |
Еңбекші ауданы |
Алматы қаласы |
|
203 |
Алматы қаласы |
204 |
Әуезов ауданы |
205 |
Бостандық ауданы |
206 |
Жетісу ауданы |
207 |
Түрксіб ауданы |
208 |
Алмалы ауданы |
209 |
Медеу ауданы |
210 |
Алатау ауданы |
Астана қаласы |
|
211 |
Астана қаласы |
212 |
Алматы ауданы |
213 |
Сарыарқа ауданы |
214 |
Есіл ауданы |
215 |
«Астана - жаңа қала» АЭА |