"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1688 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1688 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдар тізбесіндегі оныншы абзац алып тасталсын.
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын.