Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 және "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1643 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 шілдедегі № 769 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 414-құжат) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулы 2014 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      2) «Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 794 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 427-құжат) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы қаулы 2014 жылғы 2 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов