Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж. № 17, 142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген шекті тарифтерде:
«11-топ» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Тобы |
Жылдар бойынша шекті тарифтер |
||||||
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
|
11-топ |
7,23 |
7,23 |
7,23 |
9,54 |
10,34 |
10,96 |
11,62 |
».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов