Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020бағдарламасында:
      «Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» деген 4.3.3-кіші бөлімде:
      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      Әзірленген өлшемдерге сәйкес жергілікті атқарушы органдар экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды, оны Бағдарлама операторына жібереді.
      Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесі ВАК-та бекітілетін болады.»;
      алтыншы бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «соңғы үш жылда:
      1) бекітілген тізбеге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға;
      2) республикалық маңызы бар қаланың шегінде, астанада және Қарағанды қаласында тұруға және жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруға тиіс;»;
      он бірінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды және (немесе) оны жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады.»;
      он екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және Қарағанды қаласында қызметтік тұрғын үй беру қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделген.»;
      он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 шаршы метрінің құны жобалау-сметалық құжаттамада және Мемлекеттік сараптамада айқындалатын болады.»;
      мынадай мазмұндағы он жетінші және он сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тұрғын үй құрылысын және (немесе) сатып алуды республикалық бюджеттен қаржыландыру тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 70 мың теңге есебімен (сейсмикалығы жоғары аудандар үшін түзету коэффициентін ескермегенде) жүргізілетін болады.
      Бұл ретте тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің көрсетілген құнынан асатын шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуы мүмкін.»;
      он сегізінші бөліктің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өңірлік комиссиялар бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға), республикалық маңызы бар қаланың, астананың және Қарағанды қаласының шегінде көшетін азаматтарға қатысты, ал аудандық/қалалық комиссиялар - бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсыным дайындайды.»;
      6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      «Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру» деген кіші бөлімде:
      алтыншы бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзірлейді.»;
      2) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуқағидасында:
      3-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді және экономикалық өсу орталықтарын айқындау өлшемдерін экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін болады.
      Республикалық маңызы бар қаладан, астанадан және Қарағанды қаласынан басқа, жергілікті атқарушы органдар белгіленген өлшемдер негізінде облыстағы экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін айқындайды және оны экономикалық даму және сауда мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің және экономикалық өсу орталықтарының тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекітеді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бағдарламаға қатысу үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалада, астанада және Қарағанды қаласында тұратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.»;
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаға қатысуға өтініш берушілердің құжаттарын қарау қорытындысы бойынша өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және Қарағанды қаласының шегінде көшетін азаматтарға қатысты, ал аудандық/қалалық комиссиялар - бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсыным дайындайды.»;
      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қоныс аударуды ұйымдастыру кезінде:
      соңғы үш жылда бекітілген тізбеге сәйкес экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалада, астанада және Қарағанды қаласында тұруы жеке тұрғын үйі болмағандықтан, тиісті әкімдікте есепте тұруы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйде тұруы;
      кәсіптік даярлығының өңірлік немесе ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың бейініне, сондай-ақ өңір, республикалық маңызы бар қала, астана және Қарағанды қаласы кәсіпорындарының еңбек ресурстарына деген қажеттілігіне сәйкес келуі;
      айлық жиынтық кірісі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда өтініш берген тоқсаннан алдыңғы тоқсандағы ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауға тиіс.
      Бұл ретте облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісінде статистика жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері қолданылады.»;
      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Еңбек қызметін вахталық әдіс бойынша жүзеге асыратын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың және Қарағанды қаласының шегінде тұратын және қызметтік тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушыларға көшуге берілетін субсидия тағайындалмайды.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Республикалық маңызы бар қалада, астанада және Қарағанды қаласында қызметтік тұрғын үй беру қаланың шегінде тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін ғана көзделеді.»;
      «Азаматтардың Бағдарламаның үшінші бағытына қатысу тәртібі» деген 2-бөлімнің «Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру» деген 3-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «51. Қызметтік тұрғын үй құрылысы және (немесе) оны сатып алу, Бағдарламаға қатысушыларға көшу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға субсидия беру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлінеді.
      Нысаналы трансферттерді уақтылы аудару, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына және түпкілікті нәтижесіне мониторинг жүргізу үшін:
      1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың қоныс аудару шығындарын өтеу бөлігінде;
      2) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында қызметтік тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.
      52. Бағдарлама операторы мен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттерді аударады.
      53. Қызметтік тұрғын үйді салуға және (немесе) оны сатып алуға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) сатып алуға арналған нысаналы трансферттер объектілер бойынша бөлінбей, бір сомамен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті шешімдер қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына қаражат көзделген объектілер бөлінісінде жергілікті инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі және құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі уәкілетті органдарға жібереді.
      54. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Келісімде бекітілген нысан бойынша Бағдарлама операторына - экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіп келген, оның ішінде субсидия алған, тұрғын үй алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлері бөлінісінде), оқуға жіберілген және жеке ісін ұйымдастырған бағдарламаға қатысушылардың саны туралы;
      2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі орталық уәкілетті органға - сатып алынған және пайдалануға енгізілген қызметтік тұрғын үйлердің саны туралы есеп береді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов