"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1586 Қаулысы

Қолданыстағы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      «туристік ұйымдардың қызметкерлерін аттестаттаудың тәртібін белгілейді;» деген жиырма бірінші абзац алып тасталсын;
      отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді;»;
      15-тармақтың «туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялау бөлігінде туристік қызметті лицензиялау ережелерін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;» деген он үшінші абзацы алып тасталсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағының 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жетінші абзацын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов