"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбелік жылға саны 10 000 отбасыдан белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өзге де орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бейімдеу және кіріктіру қызметтерін, жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ әлеуметтік көмектің басқа түрлерін ұсынуды қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 1 шілдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есептерді ұсынсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов