Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1573 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1573 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 405қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-138, 21-139, 21-140, 21-141 және 21-142-жолдармен толықтырылсын:
      «21-138. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы
      21-139. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы
      21-140. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы
      21-141. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      21-142. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы»;
      «Алматы қаласы» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-135, 123-136 және 123-137-жолдармен толықтырылсын:
      «123-135. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы
      123-136. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      123-137. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
      «Павлодар облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 258-жол алынып тасталсын.
      2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 274-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 278-3-1, 278-3-2, 278-3-3, 278-3-4, 278-3-5, 278-3-6, 278-3-7 және 278-3-8-жолдармен толықтырылсын:
      «278-3-1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы
      278-3-2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы
      278-3-3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы
      278-3-4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы
      278-3-5. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы
      278-3-6. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      278-3-7. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      278-3-8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кеңестер Үкіметтің шешімі бойынша ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді (бұдан әрi – қоғамдар) басқару жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн құрылады.».
      4. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі:
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
      66. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы 100 %
      67. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы 100 %
      68. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 100 %
      69. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 100 %
      70. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы 99,89 %
      71. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 100 %
      72. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %
      73. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат):
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы алынып тасталсын.
      6. «Дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайызы мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) жүз пайыз мемлекетке тиесiлi, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнiм берушiнi таңдауды және олармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101 және 102-жолдармен толықтырылсын:

«

96.

«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

97.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

98.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

99.

«Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

100.

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

101.

«Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

102.

«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

».

      7. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағынысты акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер)» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:
      «4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы.
      5. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы.
      6. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
      7. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы.
      8. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.
      9. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      10. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      11. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».