«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1544 қаулысымен
бекітілген
Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде астық экспорттау кезіндегі көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
3. Бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
4. Бірыңғай оператор - ұлттық темір жол компаниясы айқындаған, астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі экспорттаушыларға қызмет көрсететін заңды тұлға.
5. Экспорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағынан астықты экспортқа сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
6. Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға астықты экспортқа тасымалдау жөнінде нақты көрсетілген көліктік қызметтер үшін төленеді.
7. Бюджеттік субсидияларды төлеу Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қытай Халық Республикасына немесе оның аумағы арқылы транзитпен, сол сияқты Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдау кезіндегі бір тоннаға 6000 теңге көлеміндегі экспорттаушылардың жұмсаған шығынын растайтын құжаттардың негізінде іске асырылады.
8. Экспорттаушылар бюджеттік субсидиялардың соңғы алушылары болып табылады.
2. Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бағытталған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
9. Бірыңғай оператор экспорттаушыларға көліктік экспедиция шартының негізінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету арқылы астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастырады.
10. Астықты тиеп жөнелткеннен кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға мәміле паспортының көшірмесін және кедендік жүк декларациясы мен жіберуші үшін жүкқұжат телнұсқасының (Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісім (ХТЖҚК) жүкқұжатының үшінші парағы) көшірмелерін береді.
Астықты шекаралық өту станциясына және/немесе межелі станцияға (айлаққа) дейін тасымалдағаннан кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға экспорттаушының қолымен және мөрімен куәландырылған шекаралық өту станциясының және/немесе межелі станцияның (айлақтың) күнтізбелік мөртабаны бар темір жол жүкқұжаттарының көшірмесін береді.
11. Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші абзацына сәйкес экспорттаушылардың құжаттарды беру фактісі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің актілерін (бұдан әрі - Актілер) жасайды.
12. Бірыңғай оператор Актілердің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің тізілімін қалыптастырады және Актілерді қосып, оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне береді.
13. Бірыңғай оператор бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шот-фактураны ұсынады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қаражатын аударуға өтінім береді.
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген дұрыс ресімделген құжаттарды тапсырғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде:
1) Бірыңғай оператор тапсырған құжаттарды тексереді және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге қорытындыны қалыптастырады;
2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізбесін және екі данада төлем шоттарын жолдайды.
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператордың шотына бюджеттік субсидияларды аударады.
Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген құжаттарды экспорттаушы тапсырғаннан кейін экспорттаушыға астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығын құнының бір бөлігін өтеуді жүргізеді және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай оператордың басшысы және экспорттаушы қол қойған астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығын құнының бір бөлігінің өтелгенін экспорттаушының растау актісін тапсырады.
16. Бірыңғай оператор бюджеттік субсидияларды алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне берілген құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 1-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20__ ж. «__» ________
көрсетілген қызметтердің № ______ актісі
Р/с № |
Жөнелту № |
Вагон № |
Жөнелту станциясы |
Кіретін станциясы |
Шығатын станциясы |
Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ) |
Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы бекет мөртабаны) |
Тасымалдау көлемі, тонна |
Өтеу құны, теңге |
1 |
|||||||||
2 |
|||||||||
3 |
|||||||||
4 |
|||||||||
5 |
|||||||||
6 |
|||||||||
7 |
|||||||||
жиыны |
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
_____________________ ____________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 2-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі
Р/с |
Экспорттаушының атауы |
Тиеп жөнелту кезеңі (айлар бойынша) |
Тасымалдау көлемі, тонна |
1 тоннаға өтеу құны, теңге |
Жалпы өтеу құны, теңге |
1 |
|||||
2 |
|||||
3 |
|||||
4 |
|||||
5 |
|||||
6 |
|||||
7 |
|||||
8 |
Бірыңғай оператордың атауы ________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 3-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім
20__ жылғы «__» _____
Осымен Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен республикалық бюджеттен ___ «______________» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша _______ (____________________) теңге сомасындағы қаражатты субсидия алушының
цифрмен және жазумен
____________________ № ___ есеп шотына аударуды сұрайды.
банктің атауы
___________________________ ___________________________________
Бірыңғай оператордың атауы (бірінші басшының қолы және Т.А.Ә.)
м.о.
Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
нөмірі көрсетілген банк шотының бар болуы туралы банктің анықтамасы;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі (СТН).
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 4-қосымша
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
____________________________
20___жылғы «____» ___________
Нысан
Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 20 __ жылғы «__» _________
№ _____ хаттамасына сәйкес ____ «_____» бюджеттік бағдарламасы
бойынша ________________ темір жол
экспорттың бағыты
көлігімен астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындардың
құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған
қорытынды
Экспорттаушының атауы |
Бірыңғай оператормен жасалған көліктік экспедиция шартының нөмірі мен күні |
__________ кезеңде |
1 тоннаға өтеу сомасы, теңге |
______ бюджеттен аударуға жататын өтеу сомасы, теңге, кезеңі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 5-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір
бөлігін өтеуді ______________________ 20__ ж. «___» ___
экспорттаушының атауы
№ _______ растау актісі
Р/с |
Жөнелту № |
Вагон № |
Жөнелту станциясы |
Кіретін станциясы |
Шығатын станциясы |
Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ) |
Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы станцияның мөртабаны) |
Тасымалдау көлемі, тонна |
Бір тоннаға өтеу сомасы, теңге |
Жалпы өтеу сомасы, теңге |
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
||||||||||
4 |
||||||||||
5 |
||||||||||
6 |
||||||||||
7 |
||||||||||
жиыны |
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
_____________________ _______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)