«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 149 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4381376013 (төрт миллиард үш жүз сексен бір миллион үш жүз жетпіс алты мың он үш) теңге, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына – 4362090000 (төрт миллиард үш жүз алпыс екі миллион тоқсан мың) теңге;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне - 19286013 (он тоғыз миллион екі жүз сексен алты мың он үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов