Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, "ЛУКойл мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ-конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімін іске асыру барысында туындаған даулы мәселелерді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Өкілетті орган және Аджип Карачаганак Б.В.("Аджип"), ЭНИ С.П.А ("ЭНИ"), БиДжи Карачаганак Лтд ("БиДжи"), БиДжи Групп Плс ("БиДжи Групп"), Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани ("Шеврон"), Тексако Инк. ("Тексако"), ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В. ("ЛУКойл"), "ЛУКОЙЛ" ААҚ ("ЛУКОЙЛ" ААҚ), Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В. ("КПО") компаниялары арасындағы реттеу туралы келісім (бұдан әрі - Реттеу туралы келісім) барлық қосымшаларымен бірге мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Реттеу туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Қоса беріліп отырған Аджип Карачаганак Б.В.("Аджип"), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед ("Бритиш Газ"), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани ("Тексако") компаниялары, "ЛУКойл мұнай компаниясы" ашық акционерлік қоғамы ("ЛУКойл"), "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамы ("Қазақойл") және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ-конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімінің салық режимі туралы нұсқаулық бекітілсін.
4. Осы қаулы Реттеу туралы келісім аяқталған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов