"Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл" техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1218 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1519 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1218 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 1, 10-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов