Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2014 № 793 қаулысымен (12.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген және еркін сауда туралы келісім жасасқан елдерге экспортталатын тауарлардың шығу тегі Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттарда көрсетілген негізде айқындалады.";
23-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) "СТ-2" нысанындағы сертификат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және қолданылатын елдерге Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Оригинал" нысанындағы сертификат - осы тармақтың 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген елдерге шығарылатын тауарларға ағылшын немесе орыс тілдерінде (өтінім беруші айқындайды);".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов