Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазынашылық облигацияларын шығару туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 ақпандағы № 185 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 ақпандағы № 185 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 сәуірдегі № 470 қаулысы;
3) "Жергілікті атқарушы органдардың орта мерзімді валюталық мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, өтеу және оларға қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі № 1139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 31, 406-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов