Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мынадай салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
      1) құжаттық тексеру жүргізу туралы;
      2) қызметті тоқтату туралы;
      3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
      4) салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы;
      5) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
      6) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;
      7) салық резиденттігін растауды алуға;
      8) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
      9) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға;
      10) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
      11) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға;
      12) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
      13) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануға;
      14) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
      15) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануға;
      16) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
      17) тіркеу есебіне қою туралы;
      18) тіркеу есебінен шығару туралы;
      19) дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі туралы;
      20) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы;
      21) электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;
      22) бензин (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      23) темекі өнімдерін өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      24) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      25) ойын бизнесі қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      26) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер - қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      27) қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы;
      28) грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;
      29) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін;
      30) салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме алуға;
      31) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге;
      32) бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы;
      33) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;
      34) бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы;
      35) бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы;
      36) лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;
      37) акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов