Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;»;
41) тармақша алып тасталсын;
57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«57) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);»;
66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«66) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;»;
158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«158) оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:
«158-1) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;»;
184) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы 1-тармақтың 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов