Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 Қаулысы

Жаңартылған

      «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2011 жылғы 17 қарашадағы
№ 1351 қаулысымен
бекiтiлген    

Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленген және темiр жол жылжымалы құрамын және оның кепілін тiркеу, қайта тіркеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасында жолаушыларды, жүктердi және багажды, және жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темiр жол көлiгiмен тасымалдау үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамын тiркеудiң бiрыңғай мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру, қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – тіркеуші орган) жүргiзедi.
      3. Тiркеуге меншiк нысанына, қолданылу саласы мен орнына қарамастан, жалпы пайдаланымдағы жолдарға шығуға құқығы бар, сондай-ақ iшкi технологиялық мақсаттар үшiн пайдаланылатын темiр жол жылжымалы құрамының бiрлiктерi жатады. Оның қатарына Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, шетелдік заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың меншiктi немесе жалға алған, сондай-ақ сенiмгерлiк басқарудағы немесе мүлiктiк жалға алынғандар кiредi.
      4. Тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен темiр жол жылжымалы құрамын тіркеуші орган Мемлекеттiк темiр жол жылжымалы құрамы тiзiлiмiне (бұдан әрі – Тізілім) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес енгiзуге тиiс.
      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу
және оның кепiлін тіркеу тәртiбi

      6. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу не қайта тіркеу темiр жол жылжымалы құрамын иеленушілердің барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.
      7. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу:
      1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша;
      2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелу орны бойынша жүзеге асырылады.
      8. Темiр жол жылжымалы құрамы мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелгенде;
      2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүрiп өткенде;
      3) Қазақстан Республикасының резидент еместері Қазақстан Республикасының аумағына жүктердi түсiру және тиеу үшiн уақытша әкелгенде және әкеткенде тiркеуге жатпайды.
      9. Темiр жол жылжымалы құрамы меншік құқығын алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда тiркеуге тиіс.
      Темiр жол жылжымалы құрамы жалға беру, сенiмгерлiк басқару құқығын алған, темір жол жылжымалы құрамы туралы мәліметтер өзгерген, сондай-ақ заңды тұлғаның атауы және жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде тіркеуші органда қайта тiркеуге тиіс.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Темiр жол жылжымалы құрамын:
      1) шетелдiк тұлғаға сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс одан әрi пайдалануға;
      2) сенiмгерлiк басқаруға немесе мүлiктiк жалға (жалға беру) күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге берiлген жағдайларда қайта тiркеу жүргізілмейді.
      12. Жеке және заңды тұлғаларға темiр жол жылжымалы құрамының бiрнеше үлгiлерiн тiркеуге және қайта тiркеуге өтініш беруге рұқсат етіледі.
      13. Тіркеуші органға темiр жол жылжымалы құрамының мынадай түрлерін тіркеуге өтініш беріледі:
      1) жүк жылжымалы құрамы;
      2) жолаушы жылжымалы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамы;
      3) тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрам;
      4) арнайы жылжымалы құрам.
      14. Темiр жол жүк жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) жабық вагондар;
      2) платформалар;
      3) жартылай вагондар;
      4) цистерналар;
      5) рефрижераторлық және изотермиялық вагондар;
      6) астық тасығыш;
      7) цемент тасығыш;
      8) фитингтiк платформалар;
      9) битум тасығыш платформалар;
      10) басқалар (жүк тасымалдауға арналған мамандырылған вагондар, оның iшiнде бункерлiк түрi, транспортерлер, контейнер тасығыш және арнайы жүк вагондар түрi).
      15. Темiр жол жолаушы жылжымалы және оған теңестiрiлген пошта, пошта-багаж және багаж жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) купе вагондары;
      2) плацкарт вагондары;
      3) «СВ» – ұйықтауға арналған вагондар;
      4) «РИЦ» – РИЦ габаритты купе вагондар;
      5) вагон-мейрамханалар;
      6) облысаралық вагондар;
      7) «ЗАК» – қамауға алғандарды тасымалдауға арналған вагондар;
      8) қызметтiк вагондар;
      9) қызметтiк техникалық вагондар;
      10) пошта вагондары;
      11) багаж вагондары.
      16. Темiр жол тартқыш және мотор-вагондық жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) магистральдық жолдар бойынша кез келген санаттағы поездарды жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МГЖҚ);
      2) кең жолтабанды магистральдық, станциялық және кiре беріс жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-К);
      3) тар жолтабанды магистральдық, станциялық және кiре беріс жолдарда маневрлiк жұмысты жүргiзу үшiн пайдаланылатын тартқыш жылжымалы құрам (МНЖҚ-Т);
      4) тар және кең жолтабанды магистральдық және станциялық жолдар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын мотор-вагонды жылжымалы құрам (МВЖҚ);
      5) өнеркәсiптiк темiр жол көлiгi жолдарында пайдаланылатын және магистральдық және станциялық жолға шықпайтын тартқыш жылжымалы құрам (ТЖҚ-ӨТКЖ).
      17. Темiр жол арнайы жылжымалы құрамын тіркеу кезінде мынадай санаттары көрсетіледі:
      1) өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;
      2) өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам.
      18. Жылжымалы темiр жол құрамын тiркеу және қайта тiркеу үшiн заңды және жеке тұлғалар тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) заңды тұлғаның бiрiншi басшысының қолымен және мөрімен расталған осы Қағидаларға 2345-қосымшаларға сәйкес темiр жол жылжымалы құрамының, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға мүлiктiк жалға не лизингке берiлген тіркеуге не қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркiнiң тiзбесі;
      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
      4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
      5) мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкiлеттікті растайтын құжат;
      6) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;
      7) меншік құқығын растайтын құжат не мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiк басқару шарты;
      8) жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорты (формуляры).
      Осы тармақтың 3)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге өтініш берілген сәтте қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамының кепiлiн тiркеу үшiн темiр жол жылжымалы құрамы кепiлiн тiркеу тiзiлiмiн осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргiзедi және кепiл ұстаушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды қабылдайды, кепiл ұстаушының келiсiмiнсiз кепiлдiкке алынған темiр жол жылжымалы құрамын иелiктен айыруға жол бермейдi.
      20. Темiр жол жылжымалы құрамы кепілін тiркеу үшiн өтініш беруші немесе оның сенімхаты арқылы өкілі «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      21. Тіркеуші орган құжаттарды қабылдау кезінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      22. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу, қайта тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидаларға 18-тармақта көрсетілген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      23. Тіркеуші орган кепiлдi тiркеу не одан бас тарту туралы шешiмді Заңның 101116 және 17-баптарына сәйкес қабылдайды.
      Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган куәлікті бір жұмыс күні ішінде береді.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Темір жол жылжымалы құрамының кепiлiн, тiркелген кепiлдiң өзгерiстерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнде белгіленген тәртiппен алынады.
      25. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеген тұлға оны тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.
      26. Темiр жол жылжымалы құрамы кепілін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады.
      Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк электрондық құжат болып табылады, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес оның есептік нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес қатаң есептегi құжат болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Жылжымалы құрамның әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
      Куәлiктердi жасауды, есепке алуды, сақтауды қамтамасыз ету тіркеуші органға жүктеледi.
      27. Темiр жол жылжымалы құрамын тiркеген тұлғалар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркеуші органның талабы бойынша темiр жол жылжымалы құрамы туралы мәлiметтер ұсынады, оның пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн тіркеуші органның қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
      2) тіркеуші органды заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда шешім қабылдағаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде хабардар етедi.
      28. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу немесе қайта тіркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнен жазбаша түрде мынадай жағдайларда бас тартады:
      1) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаса;
      2) тіркеуші органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшiрмелердi куәландыратын қолы және мөрi болмаған;
      3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес темiр жол жылжымалы құрамына тыйым салынған жағдайда бас тарта алады.
      Белгіленген мерзімде бас тарту туралы дәлелді жауапты ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде куәлік немесе Тізілімнен шығару туралы хабарлама береді.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Тіркеуші орган темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы берiлген куәлiктi:
      1) темір жол жылжымалы құрамды тіркеген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер таратылған не қызметі тоқтатылған;
      2) меншік құқығын растайтын құжаттың немесе мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда керi қайтарып алады.
      30. Темiр жол жылжымалы құрамы Тiзiлiмiнен:
      1) темiр жол жылжымалы құрамы есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған немесе алты айдан астам жоғалып оны iздестiру тоқтатылған;
      2) темiр жол жылжымалы құрамын шетелдiк тұлғаларға иелiктен шығарып, одан әрi Қазақстан Республикасының шегінен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда алып тасталады.
      31. Темiр жол жылжымалы құрамын Тізілімнен шығарған кезде меншiк иесi не оған теңестiрiлген тұлға тіркеуші органға 6-қосымшаға сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiшті және есептен шығару туралы актіні не зақымдану, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжатын ұсынады.
      Өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу және тіркелген кепілдікті тоқтату Заңның 161719-баптарына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      32. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      33. Тіркеуші орган жылжымалы құрамды шығару туралы мәлiметті Тiзiлiмге енгiзедi және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді.
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеу (қайта
тіркеу) және оның кепілін тіркеу туралы куәлiктiң
телнұсқасын беру тәртiбi

      Ескерту. 3-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
1-қосымша           

Нысан

Темiр жол жылжымалы құрамының мемлекеттiк тiзiлiмi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның мемлекеттік
тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Көлік құралының жалпы қуаты, квт-де

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

10

11

12

13

14

15

16

17









      кестенің жалғасы

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Сериясы

Санаты

Тіркеу депосы

жарамды

есептен шығарылған

18

19

20

21

22

23

24

Арнайы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

КЖ-1

КЖ-2

жарамды

есептен

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

      кестенің жалғасы

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркеу депосы

19

20

21

22

23

Жүк жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік №

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

9

10

11

12

13

14

15

16









      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркеу станциясы

жарамды

есептен шығарылған

17

18

19

20

21

22

23

24

Жолаушы жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімі

КБИ

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Меншік иесі

Меншік түрі

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

Нормативтік қызмет ету мерзімі

Нақты қызмет ету мерзімі

Соңғы ДЖ күні

Соңғы жөндеу күнi

КЖ-1

КЖ-2

ҚЕМҰКЖ

ҚККЖ

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      кестенің жалғасы

Келесі жөндеу күнi

Техникалық жай-күйі

Жұмысқа жарамсыз жай-күйде күтіп тұр

Дейін жарамды

Түрі

Санаты

Тіркеу депосы

жарамды

есептен шығарылған

19

20

21

22

23

24

25

26

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
2-қосымша           

Нысан        

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi тартқыш және мотор-вагонды жылжымалы құрамның тiзбесi

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу күнi

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркеу депосы

Көлік құрамының жалпы қуаты, КвТ-де

(КЖ-1)*

(КЖ-2)**

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/ ________________________________/
                    (қолы)                       (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегi күрделi жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-көлемдегi күрделi жөндеу

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
3-қосымша           

Нысан        

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi жүк жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу
күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркеу станциясы****

(КЖ)**

(ҚЕМҰКЖ) ***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/ ________________________________/
                     (қолы)                     (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ) – күрделi жөндеу
      ***(ҚЕМҰКЖ) – қызмет ету мерзімін ұзартумен күрделi жөндеу
      **** жүк вагондарының меншiк иелерi үшiн

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
4-қосымша           

Нысан        

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесiлi жолаушы жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Вагон түрi

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу
күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркеу станциясы****

(КЖ-1)**

(КЖ-2) ***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/ ________________________________/
                    (қолы)                       (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      *(ДЖ) – деполық жөндеу
      **(КЖ-1) – 1-көлемдегі күрделі жөндеу
      ***(КЖ-2) – 2-көлемдегі күрделі жөндеу
      **** (ҚЕМҰКЖ) – қызмет ету мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу
      ***** (ҚККЖ) – қалпына келтіру күрделі жөндеуі

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
5-қосымша           

Нысан        

______________________________________
(иесiнiң толық атауы)

тиесілі арнайы жылжымалы құрамының тiзбесi

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Сериясы

Санаты

Жалға алушы

Жалға алу мерзімі

Қатынау өңірі

Зауыт нөмiрi

Түгендеу нөмiрi

Жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Нормативтік қызмет ету мерзiмi

Нақты қызмет ету мерзiмi

Соңғы жөндеу
күні (ДЖ)*

Соңғы жөндеу күнi (КЖ)

Келесі жөндеу күні

Техникалық жай-күйі

Дейін жарамды

Тіркеу станциясы****

(КЖ-1)**

(КЖ-2)***

жарамды

есептен шығарылған

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











      Басшы ______________________/ ________________________________/
                    (қолы)                      (Т.А.Ә.)
      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу
      **(КЖ-2) – 2-күрделi жөндеу

Қазақстан Республикасындағы темiр
жол жылжымалы құрамын     
тiркеу қағидасына       
6-қосымша           

___________ облысы (қаласы) бойынша
уәкiлеттi органның басшысы        
___________________________________
(Т.А.Ә.)            

Өтiнiш

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

___________________________________________________ құқығында тиесiлi
(меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг)
саны _________ бiрлiк темiр жол жылжымалы құрамын тiркеуiңiздi (қайта
тiркеуiңiздi), мемлекеттік тізілімнен шығаруыңызды сұраймын.

      Мекенжайы:
_______________ қаласы _____________________ көшесi.
СТН (ЖСН, БЖН): ____________________________________
байланыс телефондары (факс) ________________________
      Тiзбе _________________ парақта қоса берiледi.

      Өтiнiш берушi ________________/________________________________
                    (басшының қолы)              (Т.А.Ә.)

      М.О.
      (заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)

Темiр жол жылжымалы құрамын
тiркеу қағидасына  
7-қосымша       

Нысан

Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi

Жазбаның №

Тізілімнің №

Кепілдің мәні

Кепіл ұстаушы

Кепіл беруші

Кепілдің сомасы

Шарттың қолданысы

Ауыртпалықтың туындауы

Ауыртпалықтың жойылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №

теңге

доллар

Құжаттың атауы және №, жасау күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

Құжаттың атауы және №, жасау күні мен орны

Күні және уақыты (сағат және минут), тіркеу №, тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Темiр жол жылжымалы құрамын
тiркеу қағидасына  
8-қосымша       

______________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) туралы керегін сызу
             20 ____ жылғы «____» _______________
              уақыты: ______ сағат ______ мин.
              № ____ өтініш бойынша құжаттарды алу қолхаты

      Қабылданған құжаттардың тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
1.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдаған: ___________________________________________________
                      Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә және қолы

Өтінішті орындау күні 20 ____ жылғы «____» _______________

__________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу туралы
             20 ____ жылғы «____» _______________
              уақыты: ______ сағат ______ мин.
              № ____ өтініш бойынша құжаттарды алу қолхаты

      Қабылданған құжаттардың тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
1.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қабылдаған: ___________________________________________________
                      Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә және қолы

Өтінішті орындау күні 20 ____ жылғы «____» _______________

Темiр жол жылжымалы құрамын
тiркеу қағидасына  
9-қосымша       

___________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

20___ жылғы «___» ___________ № _____
Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік
тіркеу туралы
КУӘЛІК

_____________________________________________________________________
           кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті
_____________________________________________________________________
                   өкілінің деректемелері)
___________________________________________________________ берілді.

Жылжымалы мүлікке қатысты кепіл тіркелгенін растау

Мүліктің түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаттамасы

Құрам саны

Құны

Ескертпе







Кепіл ұстаушының құқықтары:__________________________________________
_____________________________________________________________________
            (Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні мен жылы)
Мекен-жайы:
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және заңды тұлғаның
_____________________________________________________________________
                             тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
Кепіл заты __________________________________________________________                           (кепіл затының сипаттамасы)
_____________________________________ кепіл туралы шарттың негізінде
         (шартты жасасу күні) пайда болды
______________________________________ тіркелген және мынадай негізгі
       (тіркелу күні мен нөмірі)
шарттарды қамтиды
____________________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің орындалу мөлшері, мерзімі және кепілдің өзге де
____________________________________________________________________
           шарттары)
Кепіл берушінің құқықтары __________________________________________
                                        (құқық түрі)
____________________________________________________________________
    (жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты орны, туған күні және жылы;
____________________________________________________________________
      заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері және тіркеу нөмірі)
____________________________________________________________________
(кепіл затына құқық белгілеуші құжаттың атауы,
____________________________________________________________________
        қабылдау күні, тіркеу күні мен №)
___________________________________________________________ расталды
Басшы ________________ М.О. ______________________
          (Т.А.Ә.)                   (қолы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Ескертпе: 1. Осы куәлік кепілді өтеу кезінде тіркеуші органға қайтарылуға жатады.

2. Куәлікті жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда құқық иеленуші куәлікті жоғалту (бүлдіру) себептерін көрсете отырып, тіркеуші органға өтініш беруі тиіс.

Темiр жол жылжымалы құрамын
тiркеу қағидасына  
10-қосымша       

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
КӨЛIКТIК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТI

Темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк
тiркеу (қайта тiркеу) туралы
қажеттісін сызу
КУӘЛIК

КБИ_ _ _ _ _Сериясы_ _ _ _ _ _№_ _ _ _ _ _

      Осы куәлiк «Темiр жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес __________________________________________ құқығындағы
         (темiр жол жылжымалы құрамына құқығы көрсетiлсiн)
____________________________________________________________ берiлдi
               (иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.)
және ___________________________________________________ үлгiсiндегi
санаты _____________________________________________________________
сериясы, вагон түрi ________________________________________________
зауыт нөмiрi _______________________________________________________
мүкәммалдық нөмiрi _________________________________________________
секциясы ___________________________________________________________
жасалған жылы ______________________________________________________
20__жылғы «_____»_______________ бастап темiр жол жылжымалы құрамын мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi) растайды.
           қажеттісін сызыңыз
      Осы куәлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық жағдайларда қолданылады және жылжымалы құрамның иесiн куәландыратын құжатпен бiрге көрсетiледi, ондағы келтiрiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда ауыстыруға жатады.
______________________________________________________

Берiлген күнi 20 __ жылғы «____» __________

М.О.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамы ________________________________
                                           қолы, Т.Ә.А.

Темiр жол жылжымалы құрамын
тiркеу қағидасына  
11-қосымша       

________________________________________
(тіркеуші органның атауы)

Өтініш № _____

Кепіл беруші

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ___________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия ________ № ______
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон ________________________________________
________________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
     (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұрғылықты жері, туған күні;
заңды тұлғаның орналасқан орны, атауы, тіркеу №: ___________________
____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _______ серия ________ № ______
_________________________________ берген, берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефон ________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________ атынан әрекет етеді
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)
__________________________________________________________ негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепіл шартын тіркеуді өтінемін: _____________________
_____________________________________________________________________Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепіл мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаттамасы) _______
_____________________________________________________________________
Кепілге салынған мүліктің құны ______________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік ______________________________ кепіл берушінің
____________________________________________________ кепіл ұстаушының
иелігінде және пайдалануында қалады
Пайдалануға болатыны: Иә Жоқ
Қайталама кепiл туралы мәлiметтер: Иә Жоқ (керек емесін сызу)
Өтінішке мыналарды қоса беремін: (құжаттың атауы, серия, нөмір, қашан және кім берген)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә Жоқ (керек емесін сызу)
---------------------------------------------------------------------

Өтініш берілген күн: 20 __ ж. _______________________________________
Өтініш қабылданған күн: 20 ___ ж. ___________________________________
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыт: _______________ сағат _______________ мин.
Тіркелушінің Т.А.Ә. және қолы ____________________________________