Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 204-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
2) 1-тармақтағы 1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген адвокаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) адвокаттар алқасы президиумының қаулысы негізінде кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттарда үш айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
6) соттылығының болмауы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»;
4-тармақ алып тасталсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген нотариаттық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
«1. Нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) кемінде бір жыл мерзіммен нотариуста тағылымдамадан өту;
4) аттестациялық әділет комиссиясында аттестаттаудан өту;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
6) соттылығының болмауы.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;»;
4-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов