"Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1327 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов