"Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1269 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарын аң шаруашылығы ұйымы бекітеді, содан соң міндетті түрде орындалуға тиіс және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов