Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1264 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1264 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      «халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;» деген 14-тармақтың елу төртінші абзацы алынып тасталсын.
      2. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 263-құжат):
      2-тармақ алынып тасталсын.
      3. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 209-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіде:
      «Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
      «Учаскенің орналаскан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіде:
      «Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
      «Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сездермен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіде:
      «Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
      «Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Местоположение участка» деген сездер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша өтеусіз жер пайдалану қуқығын беретін актіде:
      «Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
      «Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
      2-тармақтағы «осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.07.2013 № 720 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.11 № 314 Қаулысымен.