Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық қызметі органдарымен өзара қарым-қатынастарындағы нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1254 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабының 2-тармағына, 216-бабының 4-тармағына, 218-бабының 4-тармағына, 581-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымдарындағы ақша қозғалысы туралы есеп нысаны;
      2) банктік сыйақылардың есептелген сомалары туралы мәліметтер нысаны;
      3) берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тануды тоқтату туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1254 қаулысымен
бекітілген    

Нысан

 

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1254 қаулысымен
бекітілген    

      Нысан

   

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1254 қаулысымен 
бекітілген   

Нысан

Берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тануды тоқтату туралы хабарлама

____________________________________________________________________
 (Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
                     асыратын ұйым атауы)


 

СТН
(болған кезде)

ЖСН/БСН

Салық төлеушінің атауы

Шарттың нөмірі, күні

Берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді мұндай сыйақыны есептеуді тоқтата тұру жолымен тануды тоқтату

Күні

тоқтатылған күнгі есептелген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6

7