Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 және "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы" 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1249 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 6-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
      5-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) адамдар көп келетін объект – бір мезгілде жүз және одан астам адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;»;
      71-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      75-тармақ алынып тасталсын;
      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардағы бiр өрттi сөндiруге су құбыры желiсiнiң қосу және тарату желiлерiнен, сондай-ақ микро аудан немесе квартал iшiндегi су құбыры желiсiнен жұмсалатын су шығыны осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасы бойынша ең үлкен су шығынын талап ететiн ғимарат үшiн қабылдануға тиiс.»;
      80 және 88-тармақтар алынып тасталсын;
      92-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      132 және 133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «132. Қалалық мекендер құрылысы шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi өртке қарсы аралық 100 м кем болмауға тиiс.
      133. Қалалық мекендерде үй маңындағы учаскесi бар бiр-екi қабатты жеке құрылысы бар аудандар үшiн үй маңындағы учаске шекарасынан бастап орман алқабына дейiнгi аралық 50 м кем болмауы керек.»;
      151-тармақ алынып тасталсын;
      380-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ғимараттың барлық қабаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелеріндегі шұңқыршаларда торлар орнатуға (мекемелердің қоймаларының, кассаларының, үй-жайларын, қару тұратын бөлмелері, құпия бөлімдерін қоспағанда);»;
      көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
      2-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

«Өртке қарсы кедергілерде ойықтарды толтырудың отқа төзімділік шектері

Өртке қарсы кедергілердегі
ойықтар элементтерінің атауы

Өртке қарсы
кедергілердегі
ойықтарды
толтыру типі

Отқа төзімділік
шектері

Есіктер (25 % артық шыны салынған есіктерден және түтін-газ өткізбейтін есіктерден басқа) қақпалар, люктер, перделер мен экрандар

1

ЕІ 60

2

ЕІ 30

3

ЕI 15

Лифті шахталарының есіктері

2

ЕІ 30 (биіктігі лифт шахталары есіктерінің отқа төзімділік шегі Е 30 қабылданады)

Терезе

1

Е 60

2

Е 30

3

Е 15

Перделер

1

ЕІ 60

От бөгегіш клапандар

1

ЕІ 90

2

ЕІ 30

3

ЕІ 15

                                                         »;

      көрсетілген Техникалық регламентке 13-қосымшада:
      3-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сұйылтылған табиғи газ сұйыққоймаларынан қоймаға жатпайтын объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар»;
      2) «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 3-4, 8-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде:
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Желіде қысым арттыратын сорғылармен жабдықталған жоғары немесе төмен қысымды өртке қарсы су құбыры бар объектілерде, суқұбырымен қамтамасыз етілмеген ғимарат, үймерет және құрылымдарда өрт бағанасымен және жалпы ұзындығы 100 м-ден кем емес, өрт бағанасына қосылған арынды өрт түтік құбырларымен жабдықталған посттар құрылуы керек.
      Посттар орнына посттар сияқты жабдықталған тіркемелерді орнату рұқсат етіледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов